Қазақстандық Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина стенд ату турнирінде Азия ойындарының рекордын жаңартты.
Қазақстан құрамасы 350 ұпай жинады. Ал одан кейінгі орынға Қытай (348 ұпай) мен Тайланд (342 ұпай) спортшылары жайғасты.
Қазақстан үшін бұл бірінші алтын. Бұған дейін екі күміс және жеті қола медаль иеленген болатын.