Шу ауданына облыстық бюджеттен «Қазақмыстың» түрлі цвет деген орысша бір атауы бар компания бюджетке ақша түсірмейді. Олар не істейді? Қазір осымен таныстыра кетейін.
Олар мына Шатырқұл деген жерден кен өндіреді. Кен бар, басқа да табиғи қазбаларды ана бір жерге түсіреді. Көріп тұрсыздар ғой. Бұл жерге түсіретін себебі бұл жерде көріп тұрғандарыңыздай теміржол бар. Теміржолмен өткізеді де олар шет елге асырады, басқа жаққа сатады, Қарағандыға апарады. Бірақ облыстық бюджетке олар ақша түсірмейді. Алайда Жамбыл облысының жерін пайдаланады. Қалай пайдаланады? Қазіргі жағдайын көрсеңіздер жаға емес басқа жерді ұстауға тура келеді.Өйткені мұны көріп, қатты қынжылатындай дүние бар. Оны айту керек, айту керек және айту керек. Мұндай жағдайға жетудің басты себебі неде? Мұндай жағдайға жетккізген айтып тұрған мына көпір. Көпір былай сырт көзге әдемі. Орны да үлкен емес, шағын. Осы көпір тұрған ауылда 6000 адам тұрады. Бұл Дінмұхаммед Қонаев ауылы. Мұнда 1100 жүк және жеңіл көіктер орналасқан. Демек 1100 адам қалаға және басқа да жерлерге осы көпір арқылы қатынайды. Ал енді көпірдің жағдайын көрейік. Мынадай әдемі жұмыс жасап атқан адамың суретін салып қойған. Ол суретті не үшін салғанын білмейміз. Тастар үйіліп тұр. Міне көріп тұрғандарыңыздай мұнда үлкен жарықтар бар. Мынадай қатты ашылған жерлері бар. Тіпті аржағынан жер көрініп тұр. Бұл жерге адам да көлік те еш қиындықсыз құлап кетеді. Бұл көпір неге мұндай жағдайға жетті деген сұрақ туындайды. Себебі «Қазақмыстың» «цвет метал» компаниясы көпірді қолданады да, жолды, көпірді жөндеу жұмыстарын жүргізбейді. Шудың жолдарын барлықтарыңыз жиі айтасыздар,бірақ мына көпірдің жағдайы тіпті сынауға да келмейді. Көпірідің астын көрсеңіздер мүлдем сұмдық. Тіреуіштері темірмен қапталып күшейтілген. Жаңағы үлкен ашық тесікті бір көрдіңіздер, ал мынау екінші тіреуішін темірмен күшейтіп қана қойған. Енді бұлар бұл көпірдің шаруасын бітіргеннен кейін ауданнан қосымша жол сұратыпты. Алайда жарты сағаттан бері байқағанымдай бұл жолмен өтетін 20 көліктің тек біреуі ғана осы қысқа көктемге арналған жолмен өтеді де, басқасының бәрі қирауға шақ қалып тұрған көпірдің үстімен өтеді. Еріне ме, әлде көпірді құласын дейді ме, немесе басқа жағдайға жеткізген оларға ұнайды. Олардың неге олай жасап жүргендерін құдай біледі. Қазірден байқағанымыздай бұл көпір апатты жағдайда тұр. Ортасында үлкен жарықтар бар. Ортадан бөлініп қақ жарылайын деп тұр. Сөйте тұра мұның үстінен жүк көліктері өтуін тоқтатпай тұр. Сөйте тұра, облыстық бюджеттен жолды жөндеуге қаражат сұрайды. Әрбір тіреуіштің үстіндегі бетондары бөлініп тұр. Көпірдің сыйқы осы. Астынан қарасаңыздар ортасы да түсіп тұр. Бұл көпірдің үстінен ауыр жүк өткізетін «Қазақмыс» компаниясы. «Қазақмыстың» облысқа беріп жатқан сыйқы осындай. Ертеңгі күі көпір құлап жатса, «жергілікті орган қайда?, басқасы қайда қарап отыр?» деген шу шығады. Сол кезде біз қанша рет осы туралы ескерткенімізді айтамыз. Бұл көпірмен негізі жүк көліктерін мүлде жүргізбеу керек. Көктем қыстың кезінде көпірдің астымен су өтеді, сол кезде мына жолмен 7000 адам басқа еді мекендерге қатынай алмайды. Көпір құласа 7000 адам орталықпен байланыса алмай қалады. Және осы жерде менің келді дегесін аудан орталығынан ат терлетіп тұрғын үй коммуналдық бөлім басшысы Зият Тұрсынұлы келді. Қазір ол кісі өзінің осы жол бойынша уәжін, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын,не жазғанын, кімдерге бұл туралы айқайлағанын айтады.
— Зият Тұрсынұлы, өзіңізді таныстырып өтсеңіз
— Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй шаруашылық жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің басшысымын. Қазіргі таңда мынау сіз көрсетіп жатқан бұл облыстық мәндегі жол. Көпір Қонаев ауылы маңында орналасқан, қазір мынау осыдан 35 шақырым жерде орналасқан Шатырқұл кен өндіру орнында орналасқан «Балқаш-Қазақмыс» корпорациясына қарайды. Бұл көктемде ауыр жағдай . Қазір құрылыс басқармасымен және Балқаш Цвет компаниясымен хаттама ретінде көмек ретінде экспертизасын, жобалық сметалық құжаттары даярлануда. Экспертиза дайын болғасын компаниялардан бұл жердің жөндеу жұмыстарын кім жасайтыны сұралады. «Қазақмыс» компаниясы жасайды немесе «Балқаш цвет» компаниясы жасайды.
— Бірақ осы жердің тұрғындай бюджетке ешқандай қаржы түсірілмегенін айтып жатыр. Неліктен «Балқаш свет» компаниясы залал келтірген жерге құрылыс басқрамысынан қаржы бөліну керек?
— Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттар Балқаш свет компаниясының қаражатымен әзірленіп жатыр, құжаттар дайын болып ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, бұл көпір болғандықтан мұның құрылысын кез-келген компания жасамайды. Сондықтан Бәрі дайын болғасын генеральный директорлар өз қаражатымыздан жөндейміз деп отыр. Ал қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттар әзірлену үстінде
— Көпірдің осылай тұрғанына қанша уақыт болды?
— 3 ай уақыт болды. Қазір осы тұрған жерімізде көпірден өтпейтіндей жағдай жасап, «Қазақмыс» компаниясы осы қосымша жолды жасады. Қазір көліктер айналып өтіп жатыр.
— Алайда, жүк көліктері айналып өтіп жатқан жоқ қой. Тіке өтіп жатыр. Бұл жағдайды жол полициясына айтамыз ба, кімге айтамыз?
— Бұл жерге жергіікті органдар рейд жасап қойған. Әкімшіліктің бақылауында тұр. Жеңіл көліктер көпірмен өтеді де, жүк көліктері қосымша жолмен өтеді.
— Мына жол экспертизаға дейін шыдайды ма?
— Құжаттар дайын болған жағдайда бұл жердің құрылысы ауа райына қарамай басталып кетеді.
— Қыста жолдың құрылысы қалай жүреді?
— Біз сол үшін қосымша жол жасаттық қой. Ал қыс мезгілінде бұл көпір шыдайды. Бізде қазір «Шу Автодор» деген жеке мекеме бар. Олар қазір біраз облыстық мәні бар жолдарды жөндеу үшін келісім шартқа отырып, құрылыс басқармасымен жұмыстар атқаруда. Бұл жер олардың да бақылауында. Қойылған знактар, примыканиялар, топырақтар солардың жұмыстары.
«Қазақмысқа» осы сауал жолданады.Бұл көпірді қашан жөндеп бересіздер немесе бұл көпір құлау керек пе? — деген сауал. Сіздерге көпір құлап, 6000 халық ауданмен хабарласпай қалу керек пе?Сіздерге осының бәрі қаншалықты қажетті? Біз үшін ауданның жағдай өте маңызды.
Исламбек Дастан