Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд теңгеге несиелендірілді.
Биыл аталған жобаның 5 бағытына басымдық берілген. Яғни кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бойынша жобалар қолдау көруде. 9 ай қорытындысы бойынша Шу ауданының 18 округі мен Шу қаласынан 157 өтінім жинақталды. Жалпы жинақталған өтінім құны 1 307,3 млн. теңге. Бүгінгі күнге «Тараз» ӘКК-мен мақұлдау жұмыстары басталып, 7 жоба келісіліп, қалған құжаттарын жинақтауда. Сонымен қатар 25 жобаның кепіліне бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков хабарлады.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі