Turan Redaktor

Turan Redaktor

Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысын қабылдады

Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысын қабылдады

Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет...

Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 258,8 млрд теңгені құрады

Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 258,8 млрд теңгені құрады

2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 258,8 млрд. теңгені құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегіөндіріс көлемі 11,6%-ға өсті, бұл 35,2 млрд. теңге. Ал облыстың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 109,5 млрд. теңгені құрады. Өткен жылы облыс экономикасына 75 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды, 13 жаңаөндіріс іске қосылды, 550 жұмыс орны құрылды. 2024 жылы 177 млрд. теңге сомасына 19 жобаныіске асыру жоспарлануда. Жамбыл облысында 2026 жылға дейінгіинвестициялық портфельге сомасы 2,5 трлн теңгеқұрайтын 70 жоба кіріп, 6 мың жұмыс орнықұрылады.  Ең ірі жоба Сарысу ауданындағы «ЕвроХим» компаниясының жаңа химиялық кешені. «ЕвроХим» инвестицияларының жалпы көлемі 444 млрд. теңгеден асады,...

Тараз жылу электр орталығының қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде

Тараз жылу электр орталығының қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде

Тұтынушыларды сенімді және үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «Таразэнергоорталық» АҚ 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық бойынша мынадай іс-шаралар әзірледі....

Жылдамдықты асырған Яндекс таксистері шеттетілуі мүмкін

Жылдамдықты асырған Яндекс таксистері шеттетілуі мүмкін

Аталған шараларды ҚР Көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады. Жалпы ҚР Көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Яндекс Go және inDrive арасында қол қойылған Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді. Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.  Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру. Компания өкілдерінің айтуынша, биыл екінші тоқсанның соңына қарай мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке қажеттіліктері мен кішкентай балаларға арналған орындықтарға қатысты ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін қосымша функцияны енгізу жоспарда бар. Айта кетерлігі, жыл басында Көлік министрі Марат Қарабаев мобильді такси қызметіне тапсырыс беретін қосымшалар операторларының өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Отырыс барысында автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ішкі корпоративтік талаптарды енгізу мәселелері талқыланған еді. Отырыс қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдау саласындағы түйткілді мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды енгізу ұсынылып, нәтижесінде бұл шаралар Меморандумда көрініс тапты.  Сондай-ақ такси агрегаторының өкілдеріне жүргізушілердің жұмыс және демалыс тәртібін сақтау талаптарын күшейту ұсынылған болатын. Көлік министрлігі

Бет 57 тен 123 1 56 57 58 123
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы