Сарысу ауданы әкімінің 15.06.2018 жылғы №308-ші өкімінің күшінде қалсын деген Сарысу аудандық сотының судьясы Марат Үркімбаев шешім шығарды. Шешімде Сарысу ауданы әкімі орынбасары қызметінен Асанова Динара Қырықбайқызын заңды жұмыстан босатқаны жазылған. Бір күнде тұрақты жұмысынан айырылған Динара Қырықбайқызы өз құқықтарын сот органдары арқылы қорғауда, жұмысына қайта орала ма? Сот шешімімен келіспеген жағдайда Динара Асанова 1 ай мерзімде апелляциялық өтініш білдіре алады. Əкімнің мұндай əрекетінде қандай астар бар? Әкім мен оның экс — орынбасарының мұндай әрекетке баруына себептер бар шығар, кім білсін?! Бұл мəселе аудандағы ішкі тұрақтылыққа көлеңке түсіріп, көптің көңіліне күдік ұялатады.
TURANINFO.KZ