Дөңгелек үстелде кездесуге қатысушылар қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
— «Бірлік бар жердеде, тірлік бар!» деген халық даналығы бар. Біздің өңірде тұратын 87 этнос өкілдері тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға үлес қосуда. Өңірдегі 75 этномәдени бірлестіктің мүшелері түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізуде белсенді. Біздің игілігіміз — Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық. Біз мұны бағалауға, бірлікті нығайтуға міндеттіміз, — деді облыс әкімі.
«Қайырымдық керуені» жалпыұлттық акциясы және «Қоржын» акциясы аясында ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында 4,5 миллион теңгеге 200 аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер, кәсіпкерлер, депутаттар су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін 376 тонна өнім, 76 тонна гуманитарлық көмек жинады. Оның ішінде облыс ҚХА жанында жұмыс істейтін «Жомарт жан» орталығы ТЖ аймақтарына 57 миллион теңге сомаға гуманитарлық көмек жіберді. Біздің өңірден апат аймақтарына құтқарушылар есебінен 106 бірлік арнайы техника жіберілді.
Бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткені үшін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолынан этномәдени бірлестіктердің өкілдері құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.
Кездесуде ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларов өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Асқарбек Сейлхан, «Ахыска түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббасов, «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Хамида Тұрдыева, «Радонеж» орыс қауымдастығының өкілі Евгений Кравчук сөз сөйледі.
Спикерлер көпұлтты мемлекеттегі рухани құндылықтарды арттыру, барлық этностардың салт-дәстүрлерін сақтау туралы айтты.
Кездесу аясында Достық үйінде қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтті.