Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.
Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция — 14,4 мллрд доллар:
- 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;
- 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.
- Қаржы орталығында әлемнің 80-нен аса елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі АХҚО сотының, сондай-ақ, Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.