• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

17.08.2021
0
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
105
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына шақырып, шынайы ықыласпен қарсы алғаны үшін Президент Мун Чже Инге ризашылық білдіріп, бұл мемлекеттік сапарға ерекше мән беретінін атап өтті.

– Екі елдің арасы алшақ болғанымен, халықтарымыз – тағдырлас. Корея – Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесінің бірі. Қазір сан салалы байланысымыз қарқынды дамып келе жатыр. Біз бүгін осы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін өзара сенім мен қолдауға негізделген келіссөздер жүргіздік. Ықпалдастықтың тың бағыттарын айқындадық, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өткен ғасырдағы тарихи оқиғалардың екі халықты жақындата түскеніне тоқталды.

– Ондаған мың корей қазақ жерінен пана тапты. Қазақстан олардың екінші Отанына айналды. Корей жұртының ұлттық батыры, генерал Хон Бом До Қызылорда қаласында жерленгенін жақсы білесіздер.
Президент Мун Чжэ Иннің өтінішімен оның сүйегі менің шешіміммен туған жеріне жеткізілді. Бұл шара – біздің елдеріміздің арасындағы өзара сенімнің жарқын көрінісі. Кезінде Қазақстанға жер аударылған корейлердің ұрпағы бүгінде 100 мыңнан асты. Олар мемлекеттеріміздің достық қатынасын нығайта түсуге зор үлес қосып келеді, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы брифингте өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, негізгі түйткілдерді талқыланғандарын, сондай-ақ, бірнеше маңызды келісімге қол қойылғанын айтты.

– Қазақстан Кореямен серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән береді. Біз өзара тиімді әріптестікті жоғары бағалаймыз.
Ынтымақтастықты тың қарқынмен жалғастыруға мүдделіміз. Бүгін қабылданған Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме – соның айқын дәлелі. Бұл құжат қазақ-корей ықпалдастығының аясын кеңейтіп, қарым-қатынасымызды жаңа белеске көтеруге септігін тигізеді деп сенемін. Екіжақты байланыстардың өзегі – сауда-экономикалық ынтымақтастық.
Корея – жоғары технологиясы мен инновациялық өнеркәсібі дамыған қуатты мемлекет. Қазақстан – экономикалық өсімі тұрақты, әрі инвестициялық ахуалы қолайлы ел. Қазірдің өзінде «Таңғы шық елі» Азиядағы сауда серіктестеріміздің ішінде екінші орында тұр. Бұған қоса, Корея еліміздегі ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 15 жылда Корея Қазақстан экономикасына 6 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын, «Samsung», «Hyundai» және «Lotte Group» концерндері – біздің ірі инвесторларымыз екенін атап өтті.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі елдің сауда-саттық көлемі 5,9 миллиард долларға жетті. Алдағы меже – осы көрсеткішті айтарлықтай арттыру. Бүгін біз пандемиядан кейінгі кезеңде шикізаттық емес тауар айналымын ұлғайтып, оны әртараптандыруға келістік. Сондай-ақ, «Самал жел» бағдарламасын жандандыруға уағдаластық. Осы арқылы жаңа инвестиция мен жоғары технологияның елімізге келуіне қолайлы жағдай жасаймыз.
Біз түрлі бағыттағы ауқымды жобаларды бірлесе жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл ретте, ауыр өнеркәсіп пен машина жасау, тау-кен және барлау, баламалы энергетика салаларының болашағы зор. Қазақстанда инновациялық өндірістерге деген сұраныс жоғары. Әсіресе, коммуникация, ауыл шаруашылығы, медицина және фармацевтика жобаларына баса мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.


Екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Корея Республикасының Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданды.

– Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы. Келесі жылы Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толады. Осы орайда біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтіп, нақты іс-шаралар өткізу маңызды екенін атап өттік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты