• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

25.10.2021
0
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
139
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан мен Түрікменстан делегациялары өткізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді.

Қазақстан Президенті әлемде қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігі достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы екі тараптың қол жеткізген уағдаластықтары туралы айта келе, шекараны құқықтық тұрғыдан шегендеуге бағытталған келісімдердің маңызына тоқталды.

– Бүгін біз бірқатар маңызды құжат қабылдадық. Олардың ішінде Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шарт, сондай-ақ шекара тәртібі туралы үкіметаралық келісім ерекше орын алады. Осылайша, біз елдеріміз арасындағы құрлықтағы және теңіздегі шекараларды заңды түрде рәсімдеуді аяқтадық. Мұның саяси мәні бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына баса мән берілді.

– Тауар айналымын одан әрі арттыру үшін мол әлеуетіміз бар. Энергетика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, кәсіпорын және басқа да салаларда айтарлықтай резервіміз бар. Сондықтан біз өзара сауда көлемін едәуір арттыруға бағытталған шаралар топтамасын қабылдауға келістік. Үкіметтерге тауарлардың номенклатурасын кеңейту үшін екі елдің экспорттық әлеуетін жұмылдыру тапсырылды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еліміздің металлургия, машина жасау, мұнай-химия, азық-түлік және фармацевтикалық өнеркәсіп, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде, ең алдымен, ұн мен бидай тасымалдау көлемін ұлғайтуға әзір екенін айтты.

Мемлекет басшысы барынша тиімді экономикалық кооперацияны жандандыру үшін үкіметтерге Инвестиция тарту ісін көтермелеу және қорғау жөніндегі келісімге қол қоюды жеделдету тапсырылғанын айтты. Оның айтуынша, газ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық жаңа перспективаларға жол ашады. Атап айтқанда, Қазақстан түрікмен газының импортын едәуір ұлғайтуға дайын.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында бірқатар маңызды бастама көтерді.

– Сауда-экономикалық әлеуетімізді жан-жақты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан жыл сайын өңіраралық форумдар өткізуді ұсынды. Мұндай формат өзінің тиімділігін дәлелдеді. Осындай жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаятының шекарасында автокөлік жүгі терминалының шекарааралық саудасының арнаулы аймағын құруға болар еді, – деді Президент.

Кездесуге қатысушылар көлік-транзит саласындағы өзара ықпалдастықтың перспективасын талқылады.

– Бұл бағыттағы негізгі міндет – «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» магистралін толық іске қосу. Тасымалданатын жүк көлемін арттыру үшін елдеріміздегі тарифтік саясатты оңтайландырудың және жүк тасымалына қойылатын талаптарды жақсартудың маңызды екені атап өтілді. Каспийдегі Ақтау, Құрық және Түрікменбашы айлақтарының арасындағы логистикалық ықпалдастық бойынша зор мүмкіндік бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бағыты бойынша жаңа автожолды іске қосу үшін Қарабұғаз шығанағы арқылы өтетін көпір құрылысына қатысты түрікмен басшысының бастамасын қолдап, перспективасы бар бұл жобаны бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруға әзір екенін айтты.

Президенттің айтуынша, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту – елдеріміз арасындағы берік әрі ұзақ мерзімді қатынастардың кепілі. Бұл ретте, Мемлекет басшысы екі елдің өзара мәдени күндерін өткізу және жастар арасындағы байланыстарды кеңейту маңызды деп санайды.

Келіссөздер бағдарламасына өңірлік және жаһандық күн тәртібінің мәселелері де енгізілді.

– Ауғанстандағы жағдайды егжей-тегжейлі талқылап, тағдыр тауқыметін көп тартқан осы елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыру қажет екенін айттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықаралық ауқымдағы тақырыптардың басым бөлігі бойынша екі тараптың ұстанымдары жақын екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында келіссөздердің қорытындылары халықтарымыз арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды нығайта түсетініне, қазақ-түрікмен серіктестігін жаңа стратегиялық биікке көтеру үшін жол ашатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын айтты.

Брифингтен кейін Қазақстан Президентін «Битараплык» орденімен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысына Жоғары награданы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстады.

 

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

12.05.2025
Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

12.05.2025
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты