• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне қатысты

27.10.2022
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне қатысты
70
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында өтіп отырған осы кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Еуропалық Одақ Орталық Азияны терең тарихы мен ортақ мәдениеті бар біртұтас, ынтымағы жарасқан аймақ ретінде алғашқылардың бірі болып танығанын айтқым келеді. 30 жыл ішінде біздің Еуропалық Одақпен қарым-қатынасымыз айтарлықтай дамыды және Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігін, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын нығайтуға ықпал етті. Ынтымақтастықтың барлық басым саласында өңіраралық диалог орнады, әлеуетіміз әлі де мол. Бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесу – саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы конструктивті өзара байланыстарды одан әрі кеңейтуге деген ұмтылысымыздың айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Азия мен Еуропа құрлықтары шектесетін жерде орналасқан Орталық Азия геосаяси орталықтар мен әлемдік нарықтар арасындағы байланыстырушы көпір саналады. Сондай-ақ Президент өңіраралық өзара ынтымақтастықты кең ауқымда дамытуға деген ұмтылыс Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты диалогтың берік іргетасы болатынына сенім білдірді.

– Әлем жылдам өзгеріп жатыр. Орталық Азия бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленістен туындаған қауіпті сезінеді. Бүгінде Еуразия кіндігінде өзара сенім мен ынтымақтастық рухын күшейту өте маңызды. Осындай күрделі кезеңде Орталық Азия мен Еуропада орналасқан елдердің арасына қабырға емес, көпір салуымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті ынтымақтастықтың аса маңызды бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Бүгінде Еуропалық Одақ – Қазақстанның басты экономикалық әрі сауда серіктестерінің бірі.

– Соңғы он жылда Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттеріне 120 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Бұл, іс жүзінде, аймаққа тікелей салынған инвестицияның 40 пайызын құрайды. Бүкіл қаржының шамамен 70 пайызы Қазақстанға бөлінді. Биыл 8 айда Қазақстан мен Еуропалық Одаққа мүше елдер арасындағы сауда көлемі шамамен 30 миллиард долларға жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 40 пайыздан астам артты. Қазіргі таңда еуропалық капиталдың үлесі бар үш мыңға жуық компания Қазақстан экономикасының түрлі секторында жұмыс істеп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың құрылымы анағұрлым теңгерімді болуы керек.

– Қазақстан  машина жасау,  темір мен болат өндірісі, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы секілді салаларда жылына құны 1,5 миллиард долларды құрайтын 100-ден аса өңделген өнім ұсына  алады. Азық-түлік қауіпсіздігінің келешегі мол. Өздеріңізге мәлім, жыл сайын шетелге, соның ішінде Еуропалық Одақ елдеріне 5 миллион тоннадан астам бидай экспорттаймыз. Тек былтыр Қазақстанның Еуропа елдеріне экспортталатын азық-түлік тауарларының көлемі 32 пайызға ұлғайып, 630 миллион доллардан асты. Осы себепті Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдері мен минералды тыңайтқыштарды жеткізуді жалғастыра алады. «Жасыл» энергетика – бұл бөлек мәселе. Біз бұл бағытта да тығыз жұмыс істей аламыз. Жалпы, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар кездесуде Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамұрат Гелдімурадов сөз сөйледі.

Жиын соңында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары және Еуропалық Кеңес Президенті бұқаралық ақпарат құралдары үшін Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Дереккөз-t.me/bort_01

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары жемқорлық үшін сотталды

12.05.2025
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

12.05.2025
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты