- «Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды», — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Сапар аясында Король Абдалла II-мен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады.