Мемлекет басшысы Wabtec президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен әңгімелесу барысында компания ұзақ жылдан бері Қазақстанның теміржол саласындағы сенімі серіктесіне айналғанын, елімізге 230 миллион ддоллардан аса инвестиция құйғанын атап өтті.
Америкалық Wabtec корпорациясы көлік технологиясы бойынша көшбасшы компаниялардың бірі ретінде танылған. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз локомотивтің жаңа түрлерін шығару, сервистік орталықтарды кеңейту, біліктілік орталықтарын құру және өндіріс локализациясын арттыру бағыттары бойынша компаниямен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.