Құттықтау мәтіні 20 сәуір, жексенбі күні Ақорда баспасөз қызметінің сайтында жарияланды.
«Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор», — деді ол.
Оның айтуынша, христиан діні де басқа діндер сияқты еліміздің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Пасха дәстүрлері ежелден отбасы құндылықтарын сақтауға, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға үлес қосып келеді, адамдарды жақсылық пен өзара келісімге шақырады.
«Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!»,-деді Мемлекет басшысы.