• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-корей іскер топтарының дөңгелек үстеліне қатысты

17.08.2021
1
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-корей іскер топтарының дөңгелек үстеліне қатысты
118
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Корея мен Қазақстанның ірі компаниялары басшыларының жиынына қатысты.Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларға Президент Мун Чжэ Инмен өткен мемлекетаралық келіссөздердің негізгі қорытындылары туралы айтып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық әріптес екеніне тоқталды.

– Соңғы 15 жылда Сіздің еліңізден келетін тікелей инвестиция көлемі 6 миллиард доллардан асты. Қазақстанда кореялық капитал салынған 550-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорациялар бар. Осы компаниялардың қатысуымен жалпы құны 2,5 миллиард доллардан асатын 24 ірі жоба жүзеге асырылды. Әсіресе, кореялық SK Engineering & Construction компаниясының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан Үлкен Алматы айналма тасжолының (БАКАД) құрылысын айтуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы автомобиль жасау, тұрғын үй құрылысы, металлургия және ауылшаруашылығы сияқты салаларда жалпы құны 1,5 миллард доллардан асатын келешегі зор үміт күттіретін 16 инвестициялық жобаның іске асырылатыны туралы айтты.

Президент экономикалық ынтымақтастықты арттыруға жаңа мүмкіндіктердің бар екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев инновациялар мен жаңа технологияларға негізделген экономиканы қалыптастыруға басымдық берілетінін атап өтті.

– Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары технологиялы өндіріс, сондай-ақ, Индустрия 4.0 технологияларына стратегиялық тұрғыдан мүдделіміз. Оңтүстік Корея экономиканы цифрландыру бойынша әлемдік көшбасшы және 5G желілері саласында үздік болып танылды, – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанда инновациялық технологияларды дамыту үшін заманауи инфрақұрылым бар екенін атап өтті.

– Біз комьютерлік техника, желілік жабдықтар, деректерді өңдеу орталықтары бойынша бірлескен өндірістік жобалар ашуға мүдделіміз. Қазақстан 5G желісін өрістету бағытында жұмыс істеп жатыр. Ірі қалаларда алғашқы сынақтар өткізілді. Корея компанияларын елімізде 5G жобаларын іске асыру үдерісіне қатысуға шақырамын, — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жер қойнауын пайдалану саласының зор мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Қазақстанда жер аумағының 25 пайызына ғана геологиялық зерттеу жүргізілгенін айтты.
Бұл ретте, Мемлекет басшысы асыл және түсті металдарды өндіру бойынша бес дайын жобаның бар екенін атап өтіп, корей компанияларын Қазақстанның жер қойнауын бірлесіп игеруге шақырды.

Қазақстан Президенті кореялық әріптесімен әңгіме барысында біздің елдегі табиғи ресурстарға бірлесіп зерттеу жүргізу туралы ұсыныс айтқанын, кейін табиғи байлықты игеру барысында корей компанияларына құқықтық басымдық берілуі мүмкін екенін жеткізді.

Президент өз сөзінде Қазақстанда баламалы және жаңағыртылатын қуат көздерін дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы жел және күн энергиясын пайдаланудың әлеуеті зор екенін айтып, корей компанияларына осы саладағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруды ұсынды. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысушыларды Қазақстанда Корея технологиялары бойынша ядролық отынды бірлесіп өндіруге, сондай-ақ, қалдықтарды энергетикалық жою саласындағы жобаларды іске асыруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореямен машина жасау саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, бұл елдің ірі компанияларының қатысуымен автомобиль жасау саласы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына үлес қосқанын атап өтті. Осыған байланысты Президент автомобильдер желісін ұлғайтуға және өндіріс орындарын арттыруға әзір екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кореялық компаниялармен бірлесіп мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтар мен қосымша бөлшектердің, сондай-ақ, жаңа технологиялар негізінде ауылшаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу бойынша өндіріс ашуға мүдделі екенін айтты.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан арқылы Азиядан Еуропаға жүк тасымалдау және корей экспортын Еуразиялық экономикалық одақ нарығына да әртараптандыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

Президент инвесторларға арналған институционалдық ортаны қалыптастыру туралы айта келе, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының, арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардың, сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдалануға шақырды.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе аталған іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге жасалған нақты қадам екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев кореялық кәсіпкерлермен нақты жұмыс істеу үшін Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдағанын айтты. Президент ірі инвестициялық, институционалдық, инрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды және оған жеке мониторинг жүргізуді өз бақылауына алатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелдегі әңгімені KITA Корея Халықаралық сауда ассоциациясының төрағасы Кристофер Ку жүргізіп отырды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы, Корея Республикасының сауда, индустрия және энергетика министрі, сондай-ақ, Samsung Electronincs, Doosan Heavy Industries&Construction, Hyundai Engineering & Construction, Dongil Construction, Lotte Confectionery, BC Card, Seegene Medical Foundation, Korea Health Industry Development Institute (KHIDI), Dongkwang Trading Corporation и Kolon World Investment корей компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Жиынға Қазақстан тарапынан Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, «ҚазТрансГаз», Kazakh Invest, «Қазақтелеком», Kaspi.kz және басқа да компаниялардың басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,7 миллиард АҚШ доллары болатын 34 келісімге қол қойылды. Оның 21-і коммерциялық және 13-і коммерциялық емес құжат. Корей технологиясын тартуға басымдық беретін бірлескен инвестициялық жобаларда, жоғары тиімділігі мен өндірістің экологиялық тазалығына басты мән берілген.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты