• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты

Дөңгелек үстел форматында өткен пленарлық сессияда жоғары мәртебелі делегаттар әлемдік экономикадағы, сауда және саясаттағы жаһандық үдерістерді талқылады. Сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы және энергетикалық қауіпсіздік секілді түйткілдердің шешу жолдарын егжей-тегжейлі қарастырды.

08.06.2023
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысты
85
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Дөңгелек үстел форматында өткен пленарлық сессияда жоғары мәртебелі делегаттар әлемдік экономикадағы, сауда және саясаттағы жаһандық үдерістерді талқылады. Сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы және энергетикалық қауіпсіздік секілді түйткілдердің шешу жолдарын егжей-тегжейлі қарастырды.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина Президиумның төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО  Бас директоры Одрэ Азуле, ХВҚ Басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – ЭСКАТО ұйымының атқарушы директоры Армида Салсиа Алисджабана сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш форум қатысушыларына видеоүндеу жолдады. Пленарлық отырысты белгілі CNN журналисті Ричард Квест жүргізіп отырды.

Форум қатысушалары алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы жиынға қатысу үшін елімізге арнайы келген Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне ризашылығын білдірді.

Президент жаһандық экономиканың қазіргі жай-күйі мен өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасу үшін аталған форумның маңызы зор екенін атап өтті.

– Бұл – халықаралық серіктестіктің шынайы мән-маңызын айқындайтын жолдың бірі.  Осы Форумды бастай отырып, стратегиялық серіктесіміз – Біріккен Ұлттар Ұйымына және оның ХВҚ, ЮНЕСКО, БҰҰДБ, ДСҰ, ЭСКАТО секілді ұйымдарына, басқа да халықаралық институттарға,  сондай-ақ ақпараттық әріптесіміз – CNN-ге шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен қазіргі заман өркениетінің сын-қатерлеріне назар аударып, Астана халықаралық форумы миссиясының бес негізгі міндетіне тоқталды. Атап айтқанда, әлемдегі жағдайды ашық талқылау; негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау; осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру; көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру; бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту Форумның негізгі миссияларының қатарына кіреді.

Сонымен қатар Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған сәттен бері негізі қаланған әлемдік тәртіпке төнетін қауіп-қатерлер туралы айтты.  Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бірден-бір жаһандық әмбебап ұйым болып қала беретінін әрі бұл ұйым барша адамзат баласының мүддесі мен  шынайы мұқтаждықтарына қызмет ететінін айрықша атап өтті.

Президент өз сөзінде әлемдегі жаңа дағдарыстың ықпалына қатысты ой-пікірін бөлісті.

– COVID-19-дан бастап қарулы қақтығыстарға дейінгі  соңғы «жаңа дағдарыстар» нәзік халықаралық экожүйеге қауіп төндіреді. Бірақ бұл тұрақсыздықтың түпкі себебі тереңде жатыр. Сонымен қатар біз 30 жылдан кейін «блоктарға» бөлінетін ескі көзқарастарға қайта оралу жағдайына куә болып отырмыз. Тек геосаяси күш біздерді жікке бөліп жатқан жоқ. Оның экономикалық астары да бар. Экономикалық саясат қару ретінде ашық қолданылуда. Бұл қарама-қайшылықтар санкциялар мен сауда соғыстарын, мақсатты борышкерлік саясатты, қаржыландыру көздерінен шектеуді немесе жоюды, сондай-ақ инвестицияны бақылауды қамтиды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан сенімді сауда-экономикалық серіктес ретінде Орталық Азияның экономикалық локомотиві рөлін атқарып отыр.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Форум ортақ мәселелерді шешуге, сондай-ақ әріптестікті, даму мен прогресті ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенім білдіріп,  жиынға қатысушыларға табыс тіледі.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfo.kzАстана халықаралық форумыҚасым-Жомарт Тоқаев
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогінде жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогінде жүлдегер атанды

25.05.2025
2025 жылғы Универсиадада дзюдодан қола жүлде

2025 жылғы Универсиадада дзюдодан қола жүлде

25.05.2025
Халықаралық жарыста мектеп спортшылары үздік нәтиже көрсетті

Халықаралық жарыста мектеп спортшылары үздік нәтиже көрсетті

25.05.2025
Жас футболшылар тартысты бәсекеде бақ сынады!

Жас футболшылар тартысты бәсекеде бақ сынады!

25.05.2025
Жас балуанымыз ел чемпионатында топ жарды!

Жас балуанымыз ел чемпионатында топ жарды!

25.05.2025
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский