• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді

20.09.2022
0
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді
151
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

Мемлекет басшысы қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік, ақпараттық технологиялар, білім беру салаларында жұмыс істейтін америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсонмен әңгімелесуден басталды.

Кездесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта бұл банк «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасты.

Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығының өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

JPMorgan Chase & Co. компаниясының төрағасы – бас атқарушы директоры Джейми Даймонмен өткен кездесуде қаржы институттарының өзара іс-әрекеті қарастырылды. Сондай-ақ әлемдік экономиканың, оның ішінде қаржы нарықтарының даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Президент әлемдегі ең ірі қаржы-талдау компанияларының бірі S&P global компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен энергетикалық қауіпсіздік саласының өзекті мәселелері мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ЕРАМ systems компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда толыққанды технологиялық хаб құру және IT саласында адами капиталды дамыту мәселелері әңгіме арқауына айналды. ЕРАМ systems – бағдарламалық қамтамасыз ету және күрделі цифрлық платформаларды әзірлеу қызметін көрсететін әлемдік жетекші компания.

Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалдамен болған кездесуде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, университеттерді академиялық қолдау және азаматтарды оқыту мен қайта оқыту сынды білім беру саласының мәселелері қарастырылды. Coursera — білім беру және заманауи өмірлік дағдыларды оқыту саласындағы көшбасшы компаниялардың бірі.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен жолықты. Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде IT зертханасын ашу және IT мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары талқыланды.

Президент General Electric International Markets компаниясының аға вице-президенті Набил Хабайебпен кездесті. Копорация Қазақстанға медициналық жабдықтар өндірісін көшіруге ниетті, атап айтқанда УДЗ және КТ аппараттарын шығаратын жаңа өндірістік желіні іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чепманмен еліміздің көмірсутек секторындағы бірқатар жобаларды іске асыру барысын талқылады. Кездесуде Қашаған кен орнында толық ауқымды өндірісті қайта бастау мерзімдері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Franklin Templeton жаһандық инвестициялық фирмасының бас директоры Дженни Джонсон Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ әлемдік экономика мен қаржы нарықтарының одан әрі дамуы жөнінде пікір алмасты. Franklin Templeton – 1,5 трлн долларлық активке ие жаһандық инвестициялық компания.

Барлық кездесу аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасы, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы ұйымдастырған Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoТУ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз-Шымкент жолында үлкен жүк көлігі апатқа ұшырап, жол ертеңге дейін жабылды

Тараз-Шымкент жолында үлкен жүк көлігі апатқа ұшырап, жол ертеңге дейін жабылды

04.06.2025
Жамбыл облысы прокуратурасының «Қоғаммен байланыс» жобасы ауқымын кеңейтуде

Жамбыл облысы прокуратурасының «Қоғаммен байланыс» жобасы ауқымын кеңейтуде

04.06.2025
Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

04.06.2025
Қарашөкеев: Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендігіміздің нышаны

Қарашөкеев: Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендігіміздің нышаны

04.06.2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

04.06.2025
Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

Смайылов Денсаулық сақтау министрлігін сынады

04.06.2025
«Тараз» кәсіби футбол клубының жаңа басшысы тағайындалды

«Тараз» кәсіби футбол клубының жаңа басшысы тағайындалды

04.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский