Дархан Сатыбалдының баяндамасынан:
– жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жеткен (2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен);
– жалпы құны 12,7 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылған, 936 жұмыс орны ашылған;
– ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндірілген (былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға артқан);
– облыста бірқатар су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілген;
– жоспардағы шаралар іске асырылғаннан кейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетеді;
– жыл басынан бері 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген;
– жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр;
– бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі;
– жеке инвесторлар 13 мектепті пайдалануға берді.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды.
t.me/bort_01