Елордалық құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өртті сөндіру барысында 15 адам құтқарылды, 62 адам эвакуацияланды.
2 наурызда елордалық құтқарушылар Нәжімеденов көшесі, 39 мекен-жайына пәтердегі өрт туралы келіп түскен хабарламаға шықты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін «Эльбрус» тұрғын үй кешенінде төртінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел, нақты және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында тұрғын үй кешенінің 15 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала және 62 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала.
Екі ересек адам АЛ-32 сатысы көмегімен құтқарылды, қалған он үш адам баспалдақпен құтқарылды. Құтқарылғандардың ең кішісі төрт айлық бала болды.
Жетінші қабаттан төрт айлық баланы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушы-өрт сөндірушісі Лесхан Мақсат матаны сулап, баланың аузы мен мұрнын жауып, Мақсат нәрестені кеудесіне қысып құтқарғаны анықталды.
Айта кету керек, оқиға орнында Астана қаласы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері жұмыс істеді.
«Эльбрус» тұрғын үй кешенінің тұрғындары құтқарушыларымызға өртті жедел сөндіргені және адамдарды құтқару кезінде өрт сөндірушілердің кәсіби және нақты үйлесімді әрекеттері үшін зор алғыстарын білдіреді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі