• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Астана Арландары Ресейлік команданы ойсырата жеңді. Фоторепортаж.

18.03.2017
0
Астана Арландары Ресейлік команданы ойсырата жеңді. Фоторепортаж.
373
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүкіл әлемдік бокс сериясындағы «Astana Arlans» пен ресейлік «Patriot Boxing Team» командалары жұдырық түйістірді. Алғаш рет Әулие-Ата жерінде өткен кәсіпқой бокс кешінде арландар ресейлік команданы 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Айта кетерлігі, бұл екі команда маусымның алғашқы айналымында кездескен болатын. Ресейде өткен ол ойында да астаналықтар 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол кеткен есені қайтарамыз деп келген солтүстік көршілеріміздің бұл жолыда дегендері бола қоймады.

Астана арландарының рингке шықпайтын құрамы
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуов

Бокс кешінің құрметті қонағы З.Габидуллина

Қош, сонымен шаршы алаңға 52 келі салмақ дәрежесіндегі арлан, команда капитаны Олжас Сәттібаев пен Вячеслав Ташкараков көтерілді. Туған қаласында өтіп жатқан кездесу Олжасқа оңайға соқпады. Себебі, оған екі есе жауапкершілік артылды деуге болады. Өйткені, команда капитаны ретінде жеңісті жолды бастау мақсаты қойылса, содан соң тілеулес жерлестерінің алдында бар шеберлігін көрсету межесі тұрды. Ол бұл сенімді ақтады да. Кездесудің 3-ші раундында қарсыласына ауыр соққысы дарып, жарақат салды. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген Ташкараковтың кездесуді бұдан әрі жалғастыруға мүмкіндігі жоқтығы белгілі болды. Орын алған бұл жағдайға дейін команда капитаны есепте алда тұрған болатын. Сондықтан жеңіс Олжасқа бұйырды.
Олжастың әкесі Көсемәлі Сәттібайұлы

Мұнан соң рингке көтерілген 60 келіде Закир Сафиуллин мен Артур Субxанкуловтың кездесуі де өте тартысты өтті. Кездесу бастала салысымен шарша алаң қожайыны кім екенін білдірген Закир қарсыласына айтарлықтай мүмкіндік бере қоймады. Бұл жағдай 5 раундқа дейін жалғасты. Тек соңғы 3 минуттықта Закир Артурдың бірді-екілі ауыр соққыларын бойына дарытып көрді. Дегенмен, кездесу аяқталар тұста есесін қайтарып алды. Төрешілер бұл кездесуді бірауыздан Закирдің пайдасына 3:0 есебімен шешті.

69 келіде тағы бір жерлесіміз Асланбек Шымбергенов Шаxабас Маxмудовпен күш сынасты. Командасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқаннан кейін Шаxабас Асланбекті ашық айқасқа шақырып, шамасы келгенше жұдырықтасып бақты. Дегенмен, Бүкіл Әлемдік бокс сериясында шыңдалып қалған Шымбергенов оған дес бере қоймады. Сөйтіп, бұл салмақ дәрежесінде де жеңіс астаналықтардың пайдасына 3:0 есебімен шешілді.

81 келіде Арман Рысбек пен Павел Силягин арасындағы жекпе-жек өте тартысты өтті. Салмақ ауырлаған сайын соққылардың жойқындығы арта түсетіні белгілі. Бұл жұп жеңіс үшін қарсыласын да, өздерін де еш аяп қалмады. Бір-біріне барынша ауыр соққа дарытуға тырысып, кездесуді уақытынан бұрын аяқтауға талпынды. Бірақ, бұл сында Арманның бір бас жоғары екендігі анық көрініп тұрды. Қорытынды есеп 2:1 арлан Арманның пайдасына.
Қос команда арасындағы соңғы жекпе-жек аса ауыр салмақта Олжас Бугаев пен Магомед Омаров арасында өтті. Айта кетерлігі, бұл Олжастың дебюдтік кездесуі болатын. Кездесуде оның жеңіске деген құштарлығы көп болғанымен тәжірибесінің жоқтығы қол байлау болды. Сондай-ақ қарсыласы да өзінен бойы ұзын болды. Бұл өз кезегінде Магомедтің еркін қимылдап, кездесуді өз пайдасына шешуге сеп болды. Есеп 0:3.
Ал қос команда арасындағы қорытынды есеп 4:1 «Astana Arlans» командасының пайдасына.

TURANINFO.KZ

Тегтер: ASTANA ARLANS6 RATROT BOXING TEAMWSBастана арлансбоксказахстанРОССИЯ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский