Қазан айында жоспарланған жөндеу кезеңінде өндіріс көлемін айтарлықтай қысқарту жоспарлануда. Осы кезеңде біз жыл басынан бері жинақталған артық өндірістің айтарлықтай көлемін өтеуді жоспарлап отырмыз, — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұл ОПЕК Бас хатшысы Хайтам әл-Гайстың жақында болған сапары (26 тамыз) және ОПЕК хатшылығы ұйымдастырған талдау агенттіктерімен кездесуі кезінде атап өтілді.
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және Келісімнің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінеді. Қазақстан өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауда, — делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі