«Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі 2010 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін Жамбыл облысындағы жастардың бойында саяси және құқықтық сананы қалыптастыру бойынша жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестік. Қоғамдық бірлестік соңғы 3 жылда елімізде өткізілген әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған конкурстар мен гранттарда жеңімпаз атанды. Айтар болсақ ҚР Президентінің “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты, ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің волонтерлік бастамаларды дамытуға арналған 12 гранты, “Халық” қайырымдылық қорының “Халық үміті” конкурсында 1 000 000 тг жеңімпазы атанды.
2024 жылы “Нұрсұлтан Назарбаев” қорының ұйымдастыруымен өткізілген “Әлеуметтік жобалар жәрменкесі” конкурсы ұйымдастырылды. Аталған конкурстың «Қаржылық сауаттылық ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде» номинациясында “Қаржылық инсайд” жобасының ұсынып жеңімпаз атанды.
“Қаржылық инсайд” жобасының мақсаты: Жамбыл облысының тұрғындарына қаржылық сауаттылық бойынша тегін оқытулар өткізіп, нәтижесінде тұрғындардың өз қаражатын орынды жұмсауға, негізсіз шығындар мен алаяқтардан сақтануға, аз қаражатпен инвестиция жасау арқылы пассивті табыс табуға көмек беру. Дәл қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облыстық «Жасөспірімдер үйі» КММ 40 тәрбиеленушілге қаржылық сауаттылық бойынша оқыту өткізді. Сонымен қатар Тараз қаласындағы белсенді жастардың басын қосатын «JarIQ» интеллектуалды ойынының бас демеушісі. Қоғамдық бірлестік демеуші ретінде ойын жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, қаржылық сауаттылық бойынша кітаптар және ең бастысы ойын чемпиондарына ҚР Ұлттық компаниялары мен отандық кәсіпорындардың акцияларын сыйға тартады. Айтар болсақ KazTransOil, Kcell, Банк ЦертрКредит, AirAstana, Қазақстан Халық Банкі.