Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен ардагерлерге азық-түлік жинақтары таратылды. Жоба ұйымдастырушылары мен еріктілер ардагерлердің үйлеріне барып, қажетті көмек көрсетіп, олардың хал-жағдайын сұрап, жылы лебіздерін білдірді.
Ардагерлер ұйымдастырылған акцияға ризашылықтарын білдіріп, қамқорлықтарынжоғары бағалады. «Мұндай қолдау біз үшін үлкен демеу. Қарттарымызға құрмет көрсетіп, қамқорлық жасаған жастарымызға алғысымыз шексіз,» – деді шараға қатысқан ардагерлердің бірі.
Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара тек материалдық көмек берумен шектелмейді, сонымен бірге аға буынға рухани қолдау көрсетіп, олардың қоғамда өзін жалғыз сезінбеуіне жағдай жасайды. «Ардагерлер – біздің ұлттық байлығымыз. Оларға көрсетілген қамқорлық – біздің адами парызымыз,» – деп атап өтті ұйымдастырушылар.