ЖАМБЫЛДА «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. Ұйымның басшысы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы болып табылады.
Ол ұйымның мақсаты ардагерлердің құқықтарын қорғау, лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге ықпал жасау, оларға мәдени, медициналық және басқа да көмек түрлерін жақсартуға жәрдемдесу, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу.
Облыста зейнеткердің 85%-ы ардагерлер ұйымдарына тартылған. Өңірде облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері және ауылдық бастауыш ардагерлерден құралған 894 ардагерлер ұйымы жұмыс атқарады. Тараз қаласында 2015 жылы Ардагерлер үйі ашылып, пайдаланылуға берілген. Облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан «Билер кеңесі» құрылған. Облыс бойынша билердің жалпы саны — 518. Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер кеңесі» әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырып, өзгелермен қарым-қатынасы, отбасы мен қоғамдағы рөлін айқындау мақсатында қызмет атқаруда. Одан бөлек, облыстық ардагерлер кеңесімен «Бабалар аманаты», «Отбасы» мектебі, «Ағаның ақылы» мектептері жұмыс жасауда.