• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫ

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аудандарға алғашқы жұмыс сапарын Тұрар Рысқұлов ауданынан бастады. 

15.09.2023
0
ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫ
427
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аудандарға алғашқы жұмыс сапарын Тұрар Рысқұлов ауданынан бастады.  Алдымен облыс әкімі Құлан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен жүздесуде облыс әкімі тұрғындарды аймақтағы атқарылған жұмыстар,  алдағы жоспарлармен таныстырып өтті.

—Облыстың әлеуметтік-экономикасында оң динамика қалыптасқан. Дегенмен шешуі тиіс мәселелер бар. Олардың шешім жолдарын қарастырудамыз. Өздеріңіз білетіндей,  қызметке кіріскеніме он күн болды.  Облыс әкімі ретіндегі алғашқы сапарым Сіздердің ауданнан басталып отыр. Бұдан кейін апта сайын аудандарды аралап, ауылдардың жағдайымен жіті танысып шығатын боламын,-деген аймақ басшысы облыстың сан-саласындағы оң көрсеткіштерді тілге тиек етті.

Мұнан соң ауылдық округ әкімі Еркін Сейітжапаров 19 мыңнан астам тұрғыны бар үш елдімекеннің тіршілігімен таныстырып өтті.

Қазіргі таңда ауылдық округте 1528 шағын және орта бизнес нысаны, 137 шаруа қожалық бар екен. Округ әкімі ауылда қазір жайылым жер мен су тапшылығы мәселесі шешіліп жатқанын да атап өтті. Тіршілік нәріне байланысты құны 634 миллион теңгені құрайтын су ғимараты келер жылы ел игілігіне айналмақ.

Басқосу барысында Шөңгер ауылының тұрғындары ағын су тапшылығы мәселесі қашан шешілетінін сұрады. Аудан әкімі Ернар Есіркепов «Ауыл — ел бесігі»  бағдарламасы аясында тау суына канал тарту мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Шөңгер ауылы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленгенін,  келер жылы бюджетке ұсынылатынын атап өтті.

Жиын барысында ауылдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы ғимарат қажет екендігі, «Жауқазын» балабақшасынан берілген нысанның ескіргені де айтылды. Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек «Жауқазын» балабақшасы сметалық жобасын жасап берсе, бюджетке ұсынылатынын атап өтті. Ауыл халқы қайтарымсыз грант сомасының аздығына да алаңдаушылық білдірді. Аудан әкімі Ернар Серікәліұлының айтуынша, ауданға жетпіс грант бөлінсе, өтініш берушілер екі мыңға жуықтаған. Осыны ескере келе келер жылға 50 миллион теңге қойылып отыр екен.

Ал құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың мәселесіне облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы өңірге келтірілген жалпы шығын 3,7 миллиард теңге көлемінде болғанын, қаражат мәселесі алдағы аптада шешілетінін айтты.

Құландықтар «Ауыл аманаты» жобасына ауыл қашан енгізілетінін сұрады. Аудан әкімінің айтуынша 2025 жылға жоспарланып отыр екен. Дегенмен облыс әкімі ауылшаруашылығы басқармасына үнемделген және қосымша қаражат көздерін пайдаланып, мүмкіндігінше ауылда 2024 жылы бағдарламаны бастап кетуді тапсырды.

Қарақат ауылының тұрғындары мал базарына дейін жарықтандыру мәселесінің шешілмегенін жеткізді. Аудан әкімі жарық бір ай көлемінде толығымен шешілетінін атап өтті.

«Арай»  алқабының тұрғыны Дания Мырзагелдиева тұрғын үй кезегіне қатысты мәселе көтерді. Айтуынша, жаңа баспана кілтін алғандардың көбісі үйде өздері тұрмай, жалға беретін көрінеді. Ал үйге мұқтаж көпбалалы отбасылар кезегін күтіп, пәтер жалдауға мәжбүр.

Аймақ басшысы аталған мәселе орай жауаптыларға жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жиында ауылдағы пошта мен медициналық қызмет сапасы, атаулы әлеуметтік көмек алу,  жұмыссыздықпен күрес мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Басқосу соңында Ербол Шырақпайұлы тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Облыс әкімінің сапары Жаңатұрмыс ауылдық округінде жалғасты.

Өңірдегі оң көрсеткіштерге,оның ішінде Т.Рысқұлов ауданындағы нәтижелі жұмыстарға тоқталған аймақ басшысы тұрғындар мәселесін тыңдады.

2600 ден аса тұрғыны бар ауылдық округ әкімі Ерсайын Қуандықтың айтуынша, 120 шаруа қожалық егін және мал шаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды қой өсіру ісі де қолға алынған.

Биыл ауылда 15 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Тұрғындар көгілдір отынмен, жаңа ауыз су жүйесімен қамтылған. Келесі жылы спорт кешені ел игілігіне берілмек. Жоспарланып отырған 90 орындық мәдениет үйінің құрылысын да халықтың санына қарап 140 орынға көбейту мәселесі зерделенуде. 18 шақырымдық жерасты су құбырларын жүргізудің құжаттары әзірлену үстінде. 13 шақырымдық Жаңатұрмыс каналының жартысы тазаланып, қосымша анықталған 5 шақырым каналды игілікке айналдыру жоспарда. Ауылдық округте былтыр он тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болса, биыл екі адам кәсібін бастаған. «Асарлатып үй салу» жобасы да жүйелі жүргізілуде.

Жиында ауыл тұрғыны Қалдыбек Карипов білім саласы бойынша мәселе көтеріп, ауыл мектебінде алты ай бойы басшы жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар мектеп асханасы жөндеу көрмеген, асхана мен акт залы қыста жылымайтынын айтты.

Білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек облыста 140 мектепке күрделі жөндеу қажет екенін атап өтіп, алдымен апатты мектептердің мәселесі шешілетінін, ал Жаңатұрмыстағы мектептің жөндеуі 2025 жылдық жоспарда тұрғанын атап өтті. Ауданның Құрметті азаматы Қадірбек Құлбарақ ауыл маңындағы автобаннан көліктер жоғарғы жылдамдықпен өтетінін, жүргізушілер жол белгісіндегі шектеуге қарамайтынын атап өтіп, оған қоса ауылдағы аты жоқ көше, саябақ, енді салынатын мәдениет үйіне ауылдан шыққан ғалым Әдібай Табылды, ақын Қуандық Шолақ секілді азаматтардың есімі берілсе деген ұсынысын жеткізді. Жауаптылар алдағы жылдан бастап күре жолдың бойындағы ауылдардың қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілетінін тілге тиек етті. Ал аймақ басшысы еңбек адамдарына құрмет көрсету бағытында атау беру мәселесі қолға алынатынын айтты.

Сонымен қатар жаңатұрмыстықтар жастарды жұмыспен қамту, жол жөндеу мәселелерін көтерді.
Облыс әкімі кездесу барысында айтылған барлық мәселе бойынша аудан және ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Іссапар барысында облыс әкімі Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен жан-жақты танысты. Қазіргі таңда 12 мамандық бойынша 590 студентке білім беріп отырған оқу ошағының директоры Олжас Мұсақұлов алдағы екі, үш жылда тәрбиеленушілердің санын мыңға жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар колледж директоры қыз балаларына арналған мамандықтар ашу, жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруда оқу ошағының базасында тәжірибе шыңдауға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстарымен бөлісті.

Бітіруші түлектердің 80 пайыздан астамы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болып отырған оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен толыққанды танысып шыққан аймақ басшысы өндіріске ең қажетті маман даярлау ісі қашанда қолдау табатынын айтты.

Ербол Қарашөкеев ауданға қарасты «Арай» алқабындағы 300 орындық жаңа мектеп
құрылысымен танысып шықты.

Мұндағы басты мәселенің бірі — мектепке барар бір жарым шақырымдық жолдың мәселесі де шешілетін болды.

Облыс әкімі мердігер «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жаңа мектептің құрылысын оныншы қазанға дейін аяқтап, екінші тоқсанда оқушыларды қабылдауды тапсырды.

Аймақ басшысы «Аяна» жекеменшік бөбекжай бақшасының жұмысымен де танысып шықты.

Қазіргі таңда бөбекжай бақшасында 160-тан астам бүлдіршін тәлім алуда. Мұнда жекеменшік бөбекжай бақшасы тәлімгерлерінің жалақысын көтеру мәселесі айтылды.

Ербол Қарашөкеев бұл мәселені жіті назарына алатынын жеткізді.

Іссапар барысында Ербол Қарашөкеев Абай ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 9 мүйізді ірі қара, 8 жылқы алған Жадыра Нұрпейісова мен 50 бас қой, 5 жылқы және 2 сиыр алған Рүстембек Айдарбековтың шаруашылығымен танысты.

Айта кетсек, жалпы бұл ауылдық округте 150 адам аталмыш жобаның аясында 2,5 пайызбен мал алып, табысын еселеп отыр екен. Аймақ басшысы ауыл іргесіндегі 23 мың гектар жайылым жердің игілігін көріп отырған тұрғындардың тіршілігіне табыс тіледі.

«Ауыл аманаты» жобасының 5-бағыты бойынша 8,5 миллион теңге несие алған «Құлан профнастил» цехының жұмысы да жемісті. Кәсіпкер Нұржігіт Оршабек құрылысқа қажетті өнімін базар бағасынан 600-1000 теңгеге арзан сатуда.

Аймақ басшысы бағдарламаның басты мақсаты — халықты жұмыспен қамту екенін айта келе, цехтың қуаты өскен сайын, жұмысшылардың санын көбейтіп, өнімнің сапасын арттыруға баса мән беруді тапсырды.

Іссапар соңында Ербол Шырақпайұлы «Ақтоған» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Шаруашылық басшысы Сеит-Хасан Ахаевтың айтуынша, өндіріп отырған ұн және 25 түрлі макарон өнімдері аудан халқын толыққанды қамтып отыр.

Сонымен қатар шаруа қожалық тарапынан электр жарығына субсидия алу мәселесі көтерілді. Аймақ басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы тауарөндірушілердің өнімдерін ұлғайтуға басымдық беруді және сапалы өніммен тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуді тапсырып, аталған шаруа қожалықтың жұмысына табыс тіледі.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЕРБОЛ ШЫРАҚПАЙҰЛЫ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз-Шымкент жолында үлкен жүк көлігі апатқа ұшырап, жол ертеңге дейін жабылды

Тараз-Шымкент жолында үлкен жүк көлігі апатқа ұшырап, жол ертеңге дейін жабылды

04.06.2025
Жамбыл облысы прокуратурасының «Қоғаммен байланыс» жобасы ауқымын кеңейтуде

Жамбыл облысы прокуратурасының «Қоғаммен байланыс» жобасы ауқымын кеңейтуде

04.06.2025
Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

04.06.2025
Қарашөкеев: Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендігіміздің нышаны

Қарашөкеев: Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендігіміздің нышаны

04.06.2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

04.06.2025
Қазақстанда дәрі-дәрмектер арзандайды

Смайылов Денсаулық сақтау министрлігін сынады

04.06.2025
«Тараз» кәсіби футбол клубының жаңа басшысы тағайындалды

«Тараз» кәсіби футбол клубының жаңа басшысы тағайындалды

04.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты