Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің 2024 жылы тағайындаулар туралы хронологиялық тізбесін ұсынамыз:
04 қаңтар — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Лесбек Құралбайұлы Илебаев Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы;
Қаңтар — «Тараз» әлеуметтік әріптестік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Берік Жамбылұлы Манасов;
01 ақпан — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әбдіқазиев Ғалым Қамбарұлы
облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы;
09 ақпан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
05 наурыз — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы;
02 сәуір — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы;
16 сәуір — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ибраимов Ернар Таласбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы;
10 маусым — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Көшенов Қайрат Есенұлы Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
18 маусым — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Исаков Ғалым Исабайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;
26 шілде — Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Жанболат Нұрмолдаұлы;
12 тамыз — ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Серік Жақсылықұлы Сәлемов;
20 тамыз — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақыт Аязұлы Бетбаев ветеринария басқармасының басшысы;
06 қыркүйек — ҚР Президенті Әкімшілігінің және сегізінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мойынқұм ауданының әкімі лауазымына Кәрентаев Ермек Амангелдіұлы;
13 қыркүйек — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Ернар Әбсейітұлы Мақажанов тағайындалды.
17 қыркүйек — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жасөркен Берікұлы Жақсылық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;
20 қыркүйек — Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Бекжан Айдарұлы Кеңесбек;
03 желтоқсан — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Бейсенұлы Байболат;
13 желтоқсан — Президент Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімі, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Олжас Елебекұлы Баққараев Байзақ ауданының әкімі;
19 желтоқсан — Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Данияр Құттыбайұлы Өтепов облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы;
25 желтоқсан — Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ақайби Жалелұлы Әбдіразақ Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік даму бөлімінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.
30 желтоқсан — Президент Әкімшілігінің және Меркі аудандық мәслихатының келісімі, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды.