Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жетінші сессиясының
күн тәртібі
1. | Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. |
Баяндамашы: Е.Қарашөкеев – Жамбыл облысының әкімі | |
2. | Облыстың мәдениет саласына бағытталған қаражаттың тиімді жұмсалуы, олардың тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық – техникалық жарақтандырылуы туралы. |
Баяндамашы: Е. Жүнісбай — Жамбыл облысы әкімідігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы |
|
3. | Жамбыл облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. |
Хабарламашы: М.Шалкарбеков – тұрақты комиссия төрағасы | |
4. | «Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 39-4 шешіміне өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы. |
Хабарламашы: Д.Абдыбеков – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс
басқармасының басшысы |
|
5. | «Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-9 шешіміне толықтыру енгізу туралы. |
Хабарламашы: О.Баққараев – Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы |
|
6. | Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы. |
Хабарламашы: А.Қарабалаев – Жамбыл облысы әкімдігінің сәлет және қала
құрылысы басқармасының басшысы |
|
7. | «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімін беру жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы. |
Хабарламашы: Р.Тұрмаханбетова – Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту
басқармасының басшысы |
|
8. | Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мүшелерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы |
Хабарламашы: Р.Мелдебеков – Жамбыл облысы бойынша тексеру
комиссиясының төрағасы |
|
9. | «Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №31-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
Хабарламашы: М.Мамышев – Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының бас
инспекторы |
|
10. | «Жамбыл облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
Енгізуші: облыс әкімдігі | |
11. | «Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық және қайта бекітіп беру бойынша комиссиясы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы №21-20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
Енгізуші: облыс әкімдігі | |
12. | «Облыстық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
Енгізуші: облыс әкімдігі |
ҚАЗІРГІ ТАҢДА сілтеме арқылы тікелей эфир көре аласыздар
Жамбыл облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, «Ауыл» ХДПП мүшесі Алтай Райқұлов баяндама жасады
2012 жылы ғана ашылған Меркі ауылында орналасқан «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының 2017 жылдан бастап оң қанаты апатты жағдайда, бала тәрбиелеу бала өміріне қауіпті. Алайда аталған бөбекжай-бақшада 280 бала тәрбиеленуде. Меркі аудандық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда аталған балабақшаның жобалық сметалық құжаттамаларының алдын ала (топосьемка,геология және техникалық зерттеу) жұмыстары жасалынуда. Нәтижесі бойынша «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының әрі қарай «жұмыс істеуі» немесе «апатты» деп танылуы туралы шешім қабылданады деп күтілуде. Мемлекеттің қаржысына салынған бөбекжай-бақша 10 жылға ғана жарамды болғаны ма?
Соңғы жылдары қалаға қосылған бірнеше елді мекендері (Құмшағал, Шалғай қарасу, Қазақ ауылы және т.б.) көзден сырт қалып отырғаны жасырын емес. Олардың тұрғындары да кәдімгі қалалықтар сияқты сезініп, мәдениетті тұрғысы келеді. Сондықтан ол аймақтарда да саябақтар, мәдениет ошақтары болғанын алдын ала, қазірден бастап жоспарлау қажет деп санаймын.
Ал өңірде 45 495 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның 19 209 астамы спортпен шұғылдануға қабілетті, оның ішінде 283 мүмкіндігі шектеулі адам ғана кәсіби спортпен шұғылдануға жұмылдырылған. 2013 жылы ашылған «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-н теңгерімінде арнайы мамандандырылған ғимараты да жоқ. Яғни, облыста дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың орталықтандырылған бұқаралық спортпен шұғылдануына, тұрақты клуб аралық және облыстық жарыстар ұйымдастыруға, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, оңалту жұмыстарын және т.б шараларды жүргізуге толық жағдай жасалмаған деді Алтай Мақсұтұлы.