Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев түрлі салада үздік атанған жастарды құттықтап, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға айрықша ден қойылып отырғандығын баса айтты.
Аймақ басшысы «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасын жалғастыру бойынша жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын хабарлады. 2022 жылы аталған бағдарламаны қолдау аясында жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлініп, 41 жас маман баспанамен қамтылса, биыл 125 жас тұрғын үйге қол жеткізген.
Өңір басшысы салтанатты шара барысында «Әулиеата үздігі» жастар сыйлығының жеңімпаздары мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлеріне диплом, сертификаттар мен сыйлық табыс етті.
Жас ғалымдар «Ақпараттық технологиялар» бағытында жобаларды іске асыру үшін екі грант алса, ауыл жастарының бастамаларын қолдауға үш грант бөлінген. Ал, мүмкіндігі мол бизнес-жобаларға екі, жас ғалымдар мен олардың ғылыми жобаларын қолдауға бес грант қаралған. Сол секілді жастар ұйымдары мен медиа жобаларды қолдау бағытында екі грант берілді.
«Әулиеата үздігі» сыйлығының жеңімпаздары 15 номинация бойынша марапатталды. Лауреаттардың қатарында ақын, журналист, депутат, мемлекеттік қызметші, педагог, спортшы, құтқарушы, әскери, денсаулық сақтау мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әнші, кәсіпкер, өнертапқыш, театр және кино, өндіріс (зауыт, фабрика) саласындағы жас мамандар бар.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсының жеңімпаздары
Ақпараттық технологиялар бағыты |
|||
Сейдазимов Айбек Болатбекұлы |
— |
«Smart Traffic Lights» жобасы; |
|
Исламов Дінмұхамед Нұрланұлы |
|||
Астаев Мақсат Болатұлы |
— |
||
Балпан Абдуахад Қайратұлы |
— |
||
Валихан Арайлым Валиханқызы |
— |
«Kids-Hub 08» онлайн программалау мектебі» жобасы; |
|
Ауыл жастарының бастамаларын қолдау бағыты |
|||
Яхудаева Қазына Ерғалиқызы |
— |
«Pythagorean_math» математика пәнінен тегін үйірме» жобасы; |
|
Еркеш Адинай Ержанқызы |
— |
«Балық өсіру шаруашылығы» жобасы; |
|
Түймебай Ақерке Тлеуханқызы |
— |
«Қолөнер мектебі» жобасы; |
|
Бизнес бағыты |
|||
Мұса Нұрдәулет Бақытұлы |
— |
«BOIAU» жобасы; |
|
Жарылқасын Дана Ерболқызы |
— |
«Yarnity» жобасы; |
|
Ғылым бағыты |
|||
Жаманқұл Азат Миятұлы |
— |
«Өзендер мен суармалы каналдардағы шөгінділерді сүзуге арналған тиімді конструкция» жобасы; |
|
Әбидин Қанат Шолпанұлы |
— |
«Жұлдыздарда жүретін термоядролық процестің моделін жасау» жобасы; |
|
Нұрбердиев Алимардан |
— |
||
Акнамурадов Адлет Виталиевич |
— |
«Микрозелень және оның адамға тигізер пайдасының ғылыми зерттеу жолдары» жобасы; |
|
Егембердиев Дәулет Қанатұлы |
— |
«Жануарларға арналған витамин» инновациялық өнімін енгізу» жобасы; |
|
Жастар ұйымдарын қолдау бағыты |
|||
Исақұлова Марал Хантөреқызы |
— |
«Жан шуақ» жастарға психологиялық кеңес беру және тұлғалық дамыту кешенді жобасы; |
|
Әмірбек Іңкәр Маратқызы |
— |
«Қаржыгер» жобасы; |
|
Медиа бағыты |
|||
Яморжина Фатима Қазымқызы |
— |
«Салауатты өмір салты каналы» YouTube әлеуметтік желісі жобасы; |
|
Орақбаева Маргарет Оралбайқызы |
— |
«TikTok House» жобасы; |
«ӘУЛИЕАТА ҮЗДІГІ»
облыс әкімі сыйақысының жеңімпаздары
Айдаралы Алина |
— |
Үздік жас айтыскер ақын; |
|
Әлімқұлов Данияр Ілиясұлы |
— |
Үздік жас жазба ақын; |
|
Сүйінбай Мақпал Саматқызы |
— |
Үздік жас журналист; |
|
Темірхан Нұрсұлтан Талғатұлы |
— |
Үздік жас депутат; |
|
Кусева Салтанат Жұмабекқызы |
— |
Үздік жас педагог; |
|
Асан Нұржан |
— |
Үздік жас спортшы; |
|
Қапарбекова Жұлдыз Амангелдіқызы |
— |
Үздік жас медицина маманы; |
|
Смагулова Аида Қанатқызы |
— |
Үздік жас әнші немесе музыкант; |
|
Қондыбаева Әсем Жұмахметқызы |
— |
Үздік жас театр немесе кино саласының қызметкері; |
|
Каипов Берік Жаманбекұлы |
— |
Үздік жас құтқарушы; |
|
Біләл Диана Нұрзатқызы |
— |
Үздік жас құқық қорғау қызметкері; |
|
Нұралиев Елдос Бекболатұлы |
— |
Үздік жас мемлекеттік қызметші; |
|
Егембердиев Дәулет Қанатұлы |
— |
Үздік жас өндіріс саласының маманы (зауыт, фабрика); |
|
Бейсенбай Арман Қанатұлы |
— |
Үздік жас кәсіпкер; |
|
Бакирова Фатима Рафкатовна |
— |
Үздік жас өнертапқыш; |