Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Азамат Тлепов баяндады.
Баяндамашының сөзінде өткен кезеңмен салыстырғанда 36 қылмыстық іс көбірек түсті. Тиісінше үкім шығарумен аяқталған істердің саны 60-қа дейін өсті. 2023 жылдың 5 айында үкім шығарумен 705 адамға қатысты 599 қылмыстық іс қаралған, бұл 2022 жылдың 5 айымен салыстырғанда 60 тұлғаға қатысты 60 іске көп, ал үкім шығарумен 645 тұлғаға қатысты 539 іс қаралған. Апелляциялық тәртіппен қаралған істер мен материалдардың саны 205 бірлікке артты. Есептік кезеңде 695 тұлға сотталса, оның ішінде нақты бас бостандығынан айыруға 252 адам немесе 36,3% (орташа республикалық көрсеткішпен 33,1%).
«2023 жылдың 5 айында 10 адам ақталды (оларға қатысты үкімдер шығарылған адамдардың жалпы санының 1,4%). Ал 2022 жылдың 5 айында 15 адам ақталған (немесе 2,3%). Алқабилердің қатысуымен есепті кезеңде 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс қаралды, ал 2022 жылдың 5 айында 2 адамға қатысты 2 іс қаралды»,-дейді Азамат Тлепов.