Заңсыз айналымнан 3 тоннадан аса есірткі және психотроп заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және синтетика жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.
Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден асады. Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.
«Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарламада.