TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне Байзақ ауданы білім бөлімінің экс басшысы Н.Нұралиевқа, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің экс басшысы Б.Бижигитовқа, «жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері бойынша сұрау хат жолдаған болатын
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өндірісінде Байзақ ауданы білім бөлімінің экс басшысы Н.Нұралиевқа, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің экс басшысы Б.Бижигитовқа, «жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс.
Осыған орай, өндірістегі қылмыстық істер бойынша ақпарат жолдауға мүмкіндік жоқтығы туралы хабарланады делінген ресми жауап берді Тергеу басқармасының басшысы Н.Есеналин.
Бұған дейін, Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды.
Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды.