«Аntikor» атты сервистік орталығы — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі деп айтуға болады және де бұл орталық халықтың ашық алаңына айналып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу бағытында үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз. Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Айта кету керек, бұл орталық Қазақстан бойынша 12 – ші ашылып отырған нысан. «ANTICOR ORTALYGY» ның лентасын қию құрметі Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар берілді.
Қатысушылар мен арнайы қонақтар орталықтың қызметімен танысу үшін шағын экскурссия жасады.
Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының 1 маманы. процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады, сонымен қатар, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі , арнайы мониторинг топ және үгіт – насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.