• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Антибиотикке төзімділік – денсаулық сақтаудағы маңызды проблема

Раушан Қарабаева: «Антибиотикке төзімділік – қазіргі заманғы денсаулық сақтаудағы өте маңызды проблема, оның негізгі себептерінің бірі - микробқа қарсы препараттарды тиімсіз, дұрыс қолданбау болып табылады».

10.04.2020
0
Антибиотикке төзімділік – денсаулық сақтаудағы маңызды проблема
788
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Медицина ғылымдарының докторы, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының емдеу-диагностикалық жұмысы жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева бұл туралы Мәскеу қаласы Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталық базасында өткен «Стационардағы антибиотикке төзімділікті бақылау стратегиясы: проблемалары мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.

Бүкіл әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, конференция онлайн — режимде өтті. Президенттік клиниканың докторлары конференция жұмысына белсенді қатысты. Раушан Қарабаева «Көп бейінді стационарда микробқа қарсы препараттарды тиімді пайдалану бағдарламасын енгізу» тақырыбында баяндама жасады.

Доктор Карабаева: «Бүгінгі таңда, барлық елдердің дәрігерлері бактериялар мен саңырауқұлақтардың антибиотиктерге төзімділігінің өсуі немесе сезімталдығының жоғалуы  мәселесіне тап болады. Егер проблеманы назардан тыс қалдырса, антибиотикке төзімділікті тежеу бойынша кең ауқымды шара жасалмаса, онда бұл маңызды проблемаларға әкелуі мүмкін. Біз, тіпті, микробқа қарсы дәрілік препараттардың тиімсіздігінің салдарынан пациенттерді емдей алмайтын жағдайға тап болуымыз мүмкін».

Медициналық орталық ауруханасында 5 жыл бойы микробқа қарсы құралдарды тиімді қолдану бойынша бағдарлама жұмыс істейді, ол жыл сайын өзектендіріледі. Жаңа элементтер мен индикаторлар қосылады, оларды үнемі бақылап, бағалап отырады.

«Бүгінгі таңда біз осы бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір табыстарға қол жеткіздік деп айта аламыз, біздің Аурухана дәрігерлері антибиотиктерді дұрыс пайдалануда оң динамикаға ие болды. Бұл тұрғыда бізге JCI халықаралық стандарттарын енгізу де көмектесті. Антибиотикке төзімділікке қарсы күрес бойынша біздің жергілікті тәжірибеміздің нәтижесіне, конференцияда баяндамамыз қызу талқылау тудырды. Әр аймақтан келген әріптестеріміз біздің баяндамамызды қызығушылықпен тыңдап, талқылау барысында көптеген сұрақтар қойды. Қазіргі таңда осы проблеманы шешуде жеткілікті тәжірибеміз бар және оны табысты түрде көрсете аламыз. Жалпы, конференция өте пайдалы және жемісті болды, тек онлайн өткендігіне  қарамастан, түрлі аймақтар мен ауруханалардың мамандары антибиотиктерді тиімді қолдану бойынша өзекті мәселелерді, шешу жолдары мен жаңа әдістемелерді, емдеу сызбаларын талқылады» — деді Раушан Карабаева.

Сонымен қатар, ресейлік және итальяндық дәрігерлер COVІD-19 науқастарын емдеуде өз тәжірибесін ұсынды, емдеу мен алдын алудың әртүрлі хаттамаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетті.

Биыл конференция бесінші рет өткізіліп отыр. Н.И. Пирогов атындағы Ресей Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының алаңы дәстүрлі түрде мыңдаған қатысушыларды жинады: бактериологтар, эпидемиологтар, клиникалық фармакологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, стационарлар мен емханалардың операциялық блоктардың мейірбикелері.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

01.07.2025
Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

01.07.2025
Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

01.07.2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

01.07.2025
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский