Бүгін «Ақжүніс» көпбалалы аналар қозғалысының белсенділері Жамбыл облысының экс әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесті. Асқар Исабекұлына аталмыш қозғалыстың өңірдегі көшбасшысы Жанат Естаева екі жыл аралығында атқарған қызметі мен тындырымды тірлігі үшін алғыс айтты. Аналар өңірдің бұрынғы басшысына көп балалылар мен әлеуметтік жағдайы төмен жандардың дер кезінде құлақ асып, аймақтағы ахулды түзетуге мұрындық болғаны үшін ризашылықтарын жеткізді. Кездесу соңында белсенділер Асқар Исабекұлына ақ жол тілеп, ақ баталарын беріп шығарып салды.