Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен орынбасарлары, басқарма басшылары мен қалалар мен аудандардан келген мәслихат депутаттары, партия белсенділері мен ардагерлері қатысты.
Депутаттар мен билік өкілдерінің арасындағы сындарлы диалог барысында облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мәселелер талқыланды.
Жиында сөз алған аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жергілікті билік өкілдері мен қоян-қолтық жұмыс жасап, «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын өңірлік Жол картасының сапалы орындалуына атсалысу қажеттігін жеткізді.
Ал, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов барлық деңгейдегі фракция мүшелерінің алдына бірқатар міндеттерді жүктеді. Ол ең алдымен, Жол картасындағы көрсеткіштердің сапалы орындалуына партиялық, қоғамдық бақылау орнату, мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.
Форумның панельдік секцияларында халық қалаулылары облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшыларымен экономика және әлеуметтік сала, жастарды қолдау және басқа да өзекті тақырыптағы мәселелерін талқылады.