Mercedes-Benz Vito көлігінің ұрланғаны туралы Алматы полициясы хабарлаған. Көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Күдікті республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент тасжолының 160 шақырымындағы «Отар» бекетінің төңірегінде құрықталды.
Mercedes-Benz Vito көлігінің ұрланғаны туралы Алматы полициясы хабарлаған.
Ұрлау мақсатынсыз көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Қылмысқа қатысы бар күдікті Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылып, жәбірленуші полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Айгүл Ержігіт