- «24 ақпанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады», — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 22,23,24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыста, солтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауатыны, жауын-шашынмен бірге ауа температурасы көтерілетіні, тіпті солтүстік аймақтарда күндіз төмен температура болатыны болжанды.