Бүгін «Елбасы медалі» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша жастары Алматы қаласы Экология департаментімен бірге 2021 жылдың 29 қарашасында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласының «Дархан» ықшамауданында 30 ағаш отырғызып, «Елбасы медалі» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша қатысушыларының аллеясын ашты.
Аталған шараның мақсаты бағдарламаға қатысып жатқан жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі.
7 бағыттан тұратын бағдарламаның бір бағыты — Волонтерлік. Айтулы іс-шарадан кейін Алматы қаласының қатысушылары осы бағыт бойынша ашылған аллеяның ағаштарына күтім жасап, алдағы уақытта тазалығына жауапты болмақ.
Аталған іс-шара серіктестері: «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ, «Алматы дарыны» орталығы, Алматы қаласының Экология департаменті, Іле Алатау ұлттық табиғи паркі, Алатау ауданы әкімдігі.