Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарағандылықтармен кездесу барысында әлеуметтік салалардағы кейбір келелі мәселелер талқыланды. Әсіресе білім беру, медицина салаларын жетілдірудің оңтайлы жолдары айтылды.
— Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту.
Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың тұрмысына тікелей әсер етеді. Мен ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән беріп отырмын. Менің бастамаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Оны бүкіл еліміз бойынша жүзеге асырып жатырмыз.
Алдағы 3 жылда осы өңірдің өзінде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады. Сондықтан, жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешімін табуға тиіс, — деді Мемлекет басшысы.
Келешекте Қарағанды медицина университетінің жанынан аурухана салынатынын да атап өтті.
— Медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі. Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады.
Университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Клиника осы өңірде медицина ғылымын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге тың серпін береді ден сенемін, — деді Президент.