Ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауып, күшті жаңбыр жаууы мүмкін.
«Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар, жел күшейеді, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: күндіз термометр бағандары батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыны, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус жылыны, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градус жылыны көрсетеді.