Мамырдың басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдар тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейелі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
«2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», — деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы күрт өзгермейді.