Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық бақылауды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырумен
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРІ ТӨРАЛҚАЛАРЫНЫҢ ТЕҢ ӘРІ ӘРІПТЕСТІК НЕГІЗДЕ АУМАҚТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК — ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ МЕРКІ АУЛЫНДА ӨТТІ.
Бірлескен отырысқа Облыстық, қалалық, аудандық Қоғамдық кеңес төрағалары мен хатшылары қатысты. Отырыс алдында қатысушыларға аудан әкімі М.Өмірбеков тарихи-өлкетану музейі мен «ММ Меркі» сауда орталығының жұмысымен таныстырды.
Бірлескен отырыс нәтижесі бойынша тең әрі әріптестік негізде үйлестіру кеңесі құру бір ауыздан қатысушылар қолдап, басшысы ретінде қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлы сайланды. Осындай бірлескен отырыс тоқсан сайын жиылып тұруға уәделесіп тарқасты.