• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

 Тараз топырағында еліміздің маңдайалды математигі, академик Мұхтарбай Өтелбаевпен сұхбаттасу бақыты бұйырды.

15.05.2025
0
Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»
196
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өмірін ғылымға арнап, қазақ баласының білімге деген ынтасын оятуды мақсат еткен ғалым бұл жолы Таразға өзінің атындағы математика пәні бойынша мектеп оқушылары арасында өтетін олимпиадаға арнайы келген екен. Біз де осы сәтті пайдаланып, ұстазбен математиканың мәні, қазіргі білім беру жүйесінің кем-кетігі, жас буынға бағыт-бағдар беру жайында терең әңгіме өрбіткен едік.

Исламбек: Ұстаз, бүгінгі үш күнге созылған, ауқымы кең «Ойлан тап» республикалық олимпиадаңыз құтты болсын! 150 бала сіздің атыңызды атап, құрметтеп осы жарысқа қатысып отыр. Көңіл-күйіңіз қалай?

Ата: Көңіл-күй жаман емес, жақсы. Олимпиада менің атымда болғандықтан сәл ыңғайсыздау, ұят сияқты. Дегенмен білім бәйгесі балаларға пайдалы болғасын, көңіл-күйім жақсы. Балаларға сөз жүзінде емес, іс жүзінде пайдалы болса деп тілеймін Алладан.

«Дамыған аймақтардан шыққан балалар, әсіресе Алматыдан, Астанадан түлегендердің дені шет елдерге немесе мұнайдың оқуын оқып мол ақша табатын жерлерге кетіп қалады».

Исламбек: Математиктердің ішінде, әлуметтік желіде болсын, көпшілік ортада болсын Асқар Жұмаділдаевтің есімі елге етене таныс, көп аталады, жиі талқыланады. Осындай математиктер есімі келешекте көбірек таныла ма?

Ата: Алдағы уақытта шығатын шығар. Бірақ бір құбылысқа мән беруіміз керек. Асқар Жұмаділдаевтің өзі де, өзге мықты математиктер де экономикалық тұрғыдан әлжуаз аймақтардан шықты. Дамыған аймақтардан шыққан балалар, әсіресе Алматыдан, Астанадан түлегендердің дені шет елдерге немесе мұнайдың оқуын оқып мол ақша табатын жерлерге кетіп қалады. Қызығатындары көп, мектептегі балалар не болса соған қызыға береді ғой. Олардың ата-аналары да тиісінше көп жағдайда ақшаға қызығады. Соған байланысты дарынды балалардың мамандық таңдағанда жиі бұрыс таңдау жасайтыны бар. Ал біздер секілді, Асқар Жұмаділдаев сынды азаматтар өскен аймақтарға қарасаңдар, олардың ата-аналары «тіршілік етсек, балаларды өсірсек» деп күнелтті. «Бай болу керек» деп көп айтқан жоқ, шет елге тайып тұруды тіпті ойға алған жоқ. Қазір расында Асқар Жұмаділдаев сияқты дарынды азаматтар баршылық. Мен мысалы математикадан Ақтөбе облысынан шыққан профессорлар мен ғылым докторларын көрдім.  Алматы облысында халық одан әлдеқайда көп, математикадан шыққан профессорлар аз. Кейбір нәрселер халықтың психологиясына байланысты. Халықтың психологиясы қалай өзгерсе де, таза ғылымға бет бұру деңгейі азайды. Мені бала кезімде ғылымға итермелеген жағдайлар көп болды. Себебі ата-анамыз «оқу керек, білу керек» деп көп айтатын және кейде сонымен мақтанатын. Ал қазіргі жағдайда ата-аналар қалай мақтанатынын білесіз бе?

Исламбек: «Әкім бол» дейді, «ғалым бол» демейді ешкім.

Ата: Дұрыс айтасың. Бірақ қазір әкім де бол, ғалым да бол демейді, шет елге кетіп қалғандарына мақтанады. Менің бір танысым бар. Бір қызы Алматыда жұмыс істейді, онысы жақсы екен. Ал екінші қызын «шет елде» деп соны мақтан көреді. Шет елдікке тұрмысқа шыққан екен. Ол кісі менің балалардың шет елге кеткенін онша құп көрмейтінімнен бейхабар еді. Содан болар, кеудесін мақтанып кернеп тұр. Ондай жағдайлар көп. Балаларын шет елге көбінесе аналары бейімдейді. Сол себепбі, Асқар Жұмаділдаев сияқты математиктер көбейіп кетеді деп болжау қиын. Бірақ біршама өсіп шығатын шығар. Қазір қазақтың өсіп келе жатқан жастарының арасында біз өскен уақытқа қарағанда математиктер аздау. Бірақ та, біздің ортамыздағы математиктерден  көбіне Монғолиядан, Қыдайдан келген ғалымдар алдыда жүр. Ең бірінші жастардың арасынан көрінгені, көзге жақсы түсіп жүргені, біліктісі Монғолиядан келген математик. Осындай жағдайларға байланысты алдағыны тап басып болжау қиын.

Исламбек: Біздің ұлттық құндылықтағы бала тәрбиесі үлкен трансформацияларға ұшырап жатыр. Сіз дұрыс айттыңыз, қазіргі ата-аналар баласын көбіне шет елге оқуға жібереді. Дамыған елдерді көрсін дейді. Ол жақсы шығар. Бірақ сіздің бала кезіңізде ата-аналар «балам Мәскеуде» оқысын деп армандады. Физика — математиканы оқыса, академик болса деді. Ал, қазір «бай болсын» деп армандайды ғой.

Ата: Біз бала кезде анда-санда бір сурет көреміз. Ғалымдардың суреттерін немесе жазушылардың суреттерін көріп, соларға еліктейтінбіз. А қазір балаларды сыртқа кетуге ата-ана өзі итермелейді. Дұрыс бағыт бермейді. Өздері неге қызығып, нені армандаса, балалары соған жетсе дейді.

Исламбек: Неліктен сіз балалардың шет елде жүруіне, оқуына қарсы боласыз, тіпті ұнатпайсыз?

Ата: Ұнатпайтын себебім, жоқ шет елде оқып, қайтып келсе дұрыс қой. Шет елдегі универсиеттер балаларды оқуға қабылдайды. Тіпті бірде мен олимпиада өткізіп отырсам, бір жігіт билетімен келіп: «Испания, Бразилияға гранттар бар. Соған осы олимпиададан жеңген жеңімпаздарға грант бере аламын» дейді. Сол шет елдің өздерінің қаражатына оқыған соң, қайтып келмейді.  Оқуын оқиды да, қалып кетеді. Елге қайтып келетіндер бар. Мен өзім Мәскеуде оқыдым. Сонда Мәскеуде арабтың балалары, Африкадан келген балалар оқитын. Олар оқығанда арамызда бір ғана Борис Басит есімді араб математик болды. Ол сол оқуда 6 жыл жүрді. Негізі аспирантурада 3 жыл оқиды, ол 6 жыл жүрді. Алты жыл жүргенде ол диссертациясын әдейі жазбай жүрген екен. Себебі, жазып болса, еліне алып кетеді. Содан алты жылдан кейін Египетке қайтпай, Америкаға кетті. Ал басқа балалар, мысалы, қайтар қайтар деп, Африкадан келген балалар математикадан ештеңе үйренген жоқ, бірақ кетерінде жаман-жұман бір дисертацияны жазып, тексеріп жіберді. Оларға шетелдіктер оқығаны үшін, диссертацияны қорғағаны үшін ақша төлеп тұрды. Соған қарағанда, біздің балалардың жақсы оқығандарын алып қалуға тырысады. Жақсы оқыған маманнан кім ажырасын?! Баладан түк шықпайтын болса,  «не де болса ақшасын алып, оқытайық, дипломын берейік те, ақшасын алып, жіберейік» дейді. Олардың өздері зиян шекпесе болды. Сондай болып жатқан сияқты. Себебі шетелде математик, информатик боп оқып келген балалардың бірде-біреуі математикаға үлес қоса алатындай маман болып оралған жоқ. Ал, қазір математиканы алға қарай жылжытатын мамандардың барлығы өзімізде оқыған балалар. Информатика, математика бойынша да. Басқа салаларда бар шығар.

«Қазақстанда бірінші орында ақша салатын сала — жасанды интеллект, ал екінші орында ауыл шаруашылығы тұр».

Исламбек: Информатиктер туралы айтып жатырмыз ғой. Microsoft және Google сынды алпауыт компанияларда көптеген қазақстандықтар жұмыс істеп жатыр. Бірақ неге елімізде сол жастар дамыған үстіне дами түсетін, солардың бар потенциалын пайдаланатын мүмкіндік жоқ? Мен жақында Жапонияда болдым. Сондағы Microsoft компаниясына бас сұқтым. Олар білікті мамандардың мүмкіндігін пайдалануда алдарына жан салмайды. 

Ата: Дұрыс айтасың. Microsoft болсын, басқа компания болсын, біздің балаларымызды осы жерде сол мамандармен біріктіріп ортақ жобалар жасатсақ жақсы нәтиже бере бастайды. Ал қазір жасанды интеллект деген пайда болды. Ол, дәл қазір ғылымның үлкен бір саласы. Дәл соған ақша салатын уақыт келді. Қазақстанда бірінші орында ақша салатын сала — жасанды интеллект, ал екінші орында ауыл шаруашылығы тұр. Соларға дотация бере отырып, ақша салу керек. Сонда мүмкін 10-15 жылдан кейін нәтиже бере бастайды. Жасанды интеллекті өзіміз дамытпасақ, елімізден Қытайдан тоқтаусыз роботтар келе бастайды. Ресейден де келеді. Алдымен робот дегеннің не екенін түсініп алу керек. Біз биологиялық роботпыз. Біз, адамдар, кейде аңғал боламыз, кейде қулыққа да барамыз. Ал сырттан келетін роботтар мүлде басқа: олардың миы — өте сыйымды, есепсіз ақпаратты өңдей алады. Олар — сұмдық ақылды әрі қу. Егер, мысалы, Путин бізге робот жіберетін болса, ол ібіліске ұқсас, қауіпті роботтар болуы мүмкін. Ондайлар бізді түтіп жейтіндей қауқарлы болуы ғажап емес. Сондықтан бізге алдын ала қам жасау қажет. Яғни қандай роботтарды елге кіргізуге болады, ал қайсысын болмайды — осыны реттеп отыратын арнайы ғылыми сарапшылар, заңнама, және бақылау жүйелері керек. Жасанды интеллектті қадағалап, оның шекарасын белгілеп отыратын робототехника және жасанды интеллект зерттеу институттары құрылуы тиіс. Бұндай институттар еліміздің тек астанасында ғана емес, әр облысында болуы керек. Себебі әр өңірдің өзіне тән жағдайлары, қауіптері, қажеттіліктері бар. Кейбір адамдар жасанды интеллект дамыса, программистер жұмыссыз қалады деп қорқады. Себебі болашақта өзі бағдарлама жаза алатын роботтар пайда болуы мүмкін. Олар адамнан әлдеқайда өнімді болуы да мүмкін. Бірақ ондай жүйелерге аксиоматикалық шектеулер қою қажет — яғни олар өздігінен шектен шыға алмайтын, адамға зиян келтірмейтін етіп жасалуы керек. Бұл шектеулер арқылы олардың қандай бағдарламаларды жаза алатыны, қандайларын жаза алмайтыны нақты анықталуы тиіс. Егер мемлекет басында отырғандар осыны дер кезінде түсініп, тиісті шешімдер қабылдай алса — бұл еліміздің қауіпсіздігі мен болашағы үшін аса маңызды қадам болмақ. Ал егер «бізге бәрібір, шетелден сатып ала саламыз» десе — бұл өте қате шешім. Өйткені бөгде елдің роботтары бізге дос емес, жау ретінде келуі де мүмкін.

Исламбек: Роботты өзіміз өз қолымызбен жасағанымыз дұрыс дейсіз ғой.

Ата: Роботты өз қолымызбен жасау маңызды емес. Бағдарламаларын бақылауда ұстай алуымыз керек. Біздің қолымызда басқаратын бағдарламасы болу қажет.

Исламбек: Мен де әкемін. Баламның 4 сыныпқа дейінгі кейбір математикалық есептері  өте күрделі. Бізге 5-ші 6-шы сыныптарда үйретілуі тиіс математикалық есептер берілуде.  Осы жағдайда математиканы біз бастауыш сыныптарға күрделендіріп жіберген жоқпыз ба?

Ата: Математиканы немесе бағдарламалауды кішкентай балаларға түсіндіру қиын емес, тек оны дұрыс тәсілмен жеткізу керек. Мысалы, 2+2=4 дегенді жай сөзбен айтқаннан гөрі, көзбен көрсетіп, нақты заттар арқылы түсіндірсе, бала оны тез қабылдайды. Баланың танымы көру, ұстау, салыстыру арқылы дамиды. Сондықтан абстрактілі ұғымдарды нақты мысалдармен байланыстырып үйрету маңызды. Математикада әр ұғымның анықтамасы болуы керек. Егер анықтама дұрыс берілмесе, бала шатаса бастайды. Мысалы, есекте екі құлақ бар, аяғы бар, бірақ мүйізі жоқ десек, бала оны атпен шатастыруы мүмкін. Ал құлағы бар деген белгіні ғана айтсақ, итпен де шатастырып қалуы ғажап емес. Яғни, нақты белгілерін, айырмашылықтарын көрсету керек. Бала анықтаманы дұрыс түсінсе, әрі қарай өзі ойланып, дұрыс шешім шығара алады. Оның ақыл-ой қабілеті жетеді, тек бағыт-бағдар беру керек. Бағдарламалаудың өзі де сондай — күрделі емес. Ол да ережеге сүйенеді. Бізде тек үйрету тәсілдері дұрыс болмауы мүмкін. Кеңес заманында мұғалімдердің жағдайы төмен болды. Бұл олардың кәсіби деңгейіне әсер етті. Бірі пәнді өзі де толық түсінбесе, енді бірі педагогикалық шеберлігі жеткіліксіз болып, баланы дұрыс оқыта алмады. Қазір де білім жүйесінде күрделендіру жиі кездеседі. Көп жағдайда әркім өзінікін дұрыс деп, сол бағытқа тарта береді. Мысалы, оқушылардың білімін 100 балдық жүйемен бағалау ұсынылған. Бірақ бұл жүйе түсініксіз. 81 балл жақсы ма, 80 балл ше — осыған нақты жауап бере алатын адам табу қиын. Ал бұрынғы бағалау жүйесі қарапайым әрі түсінікті еді: «5» — өте жақсы, мақтауға тұрарлық; «4» — жақсы; «3» — жарайды, бірақ жетілдіру керек; «2» — жеткіліксіз, қайта оқу керек дегенді білдіретін. Мұндай жүйе оқушыға нақты бағыт береді. Қорыта айтқанда, балаларға білім беруде күрделі етіп көрсету емес, керісінше қарапайымдылық пен түсініктілік керек. Анықтама нақты болса, түсіндіру көрнекі болса, бағалау жүйесі түсінікті болса — бала өзі-ақ үйреніп кетеді. Ең бастысы — дұрыс әдіс пен шынайы педагогикалық көзқарас.

«Баланы дұрыс бағытқа салатын негізгі күш — саналы мұғалім мен шынайы адами қарым-қатынас».

Исламбек: Қазіргі кезде математикаға қосымша көмек ретінде «Қалан» сияқты түрлі бағдарламалар шығып жатыр. Бұл бағдарламалардың пайда болуына басты себеп не? Мектептегі мұғалімдердің баламен жеке жұмыс істеп, сабақты жеткілікті түсіндіре алмауы ма, әлде технологияның дамуы нәтижесінде балаларды осындай цифрлық құралдар арқылы пәнге қызықтыру мүмкіндігінің артуы ма?

Ата: Қазіргі таңда білім мен тәрбиенің айналасында бизнес мүддесі араласып кеткені байқалады. Әсіресе, балаларға арналған қосымшалар мен бағдарламалар көбейіп, олардың артында коммерциялық мақсаттар тұрғаны сезіледі. Ал негізінде, бала тәрбиесі — бұл мемлекет деңгейінде ойланатын өте маңызды мәселе. Бұрын біз өскен заманда баланың тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше еді. Анасы қалай тәрбиелесе, бала сол бағытпен жүре беретін. Ал қазір бұл рөлді баланың қолындағы телефон тартып алғандай. Көп жағдайда балаға ықпал ететін негізгі құрал — смартфон. Осындай жағдайда басты тәрбиелеуші ретінде мұғалімдер ғана қалды. Сондықтан мұғалімдердің бүгінгі қоғамдағы жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түсті. Егер мұғалім шын мәнінде жан-жақты, шебер тәрбиелеуші бола алса, онда бала дұрыс бағыт алады. Ал телефон, компьютер, ноутбук арқылы берілетін тәрбие жүйесіне көпшілік сене бермейді. Өйткені ол жерде тәрбиеден гөрі жарнама мен коммерциялық мақсат басым. Сондықтан баланы дұрыс бағытқа салатын негізгі күш — саналы мұғалім мен шынайы адами қарым-қатынас.

Исламбек: Тағы бір сұрағым — менталды арифметика туралы не ойлайсыз?

Ата: Ол көбіне кішкентай балаларды мақтау үшін керек сияқты. Қазір бәріміз есепті калькулятормен-ақ шығарып жүрміз ғой.

Исламбек: Бірақ ол жерде оймен есептейді ғой, калькулятор қолданбайды.

Ата: Иә, бір қарапайым амалдарды ойша жылдам есептеуге үйретеді. Бірақ ол бір сатыдағы ғана есептер. Ал баланың ойын терең дамыту үшін бірнеше сатыдан тұратын, логикаға құрылған есептер керек. Бұрынғы халық есептері сияқты. Солар баланың шын дамуына көбірек ықпал етеді.

«Түбір деген не екенін түсіндірудің өзі — баланы терең ойлауға үйретеді».

Исламбек: Қазір мектепте синус, косинус, тангенс сияқты тақырыптар өтеміз. Бірақ көп жағдайда олар өмірде қолданылмайды. Осы нәрселер оқу бағдарламасында болуға тиіс пе?

Ата: Бұл тақырыптар тек болашақта математик болам дегендерге қажет. Формулаларды жаттау емес, олардың қайдан шыққанын, қандай мағына беретінің түсіну маңызды. Қазір бәрін жаттатып тастайды. Бірақ жатталған формулалар ұмытылады. Ал егер оның мағынасын түсінсе, бала кейін өзі-ақ тауып алады. Математиканың шын пайдасы — ойлауды үйретуінде. Мысалы, түбір деген не екенін түсіндірудің өзі — баланы терең ойлауға үйретеді. Бұрынғы грек, мысыр ғалымдары да түбір ұғымын түсінуде көп ойланған. Егер мұғалім сондай дүниелерді түсіндіре алса, баланың санасында формула жаттамаса да, логика мен түсіну қабілеті қалыптасады. Мен де көп формуланы ұмытып қалам, бірақ қалай шыққанын білемін — сол маған жеткілікті.

Исламбек: Ұстаз, сізге зор денсаулық тілеймін. Сұхбатқа келіскеніңізге үлкен рақмет. Сіздің еңбегіңіз — математикаға деген ұлттың ықыласын оятады. Бүгінгі бәсекеге қатысып, жеңімпаз атанған елу баланың ішінен он-он бесі сіздің жолыңызды қуып, елге пайдасын тигізсе — соның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын.

Ата: Рақмет, балам. Сен де жақсы іс жасап жүрсің. Балалар мен сияқты болса деймін, бірақ менен де асып түссін деп тілеймін. 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

01.07.2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

01.07.2025
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
1,5 миллиард теңге ұрлады: Перизат Қайрат қамалды

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына жіберілді

30.06.2025
«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты