«Знамя труда» газетінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі Айжан Ауелбекова бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдық-техникалық базасы туралы айтып, ұсынысын білдірді. Тіпті, қарапайым орындықтарды ауыстыру қажет екендігін жеткізіп: «…редакциямызға келген қонақтарға орындыққа отырыңыз деп айтуға қорқамыз, ұяламыз, себебі ол шашылып қалу мүмкін»,-деп әкімнен материалдық-техникалық базаға көңіл аударуын сұрап, ұсынысын жеткізді. Ал облыстық «Жамбыл» телеарнасының шеф-редакторы телеарана тілшілері уақыт таңдамайтындығын, таңғы сағат тоғыздан кешкі сегіз-тоғызға дейін жұмыс атқаратындығын тілге тиек етіп, облыстық телеарнаның мүмкіншіліктеріне тоқталып өтті.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерімен жиын өткізген болатын.