Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысы шамамен қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.
«Байқау шарттары бойынша анықталған индикативті мерзім — 7 жыл», — деді ол.
Агенттік басшысы Қазақстан 2025 жылдың соңына дейін Ресеймен алғашқы атом электр станциясын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты.
«Өзіміз үшін мерзімін анықтадық. Жыл соңына дейін осы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Сәтқалиев.
Сәтқалиевтің айтуынша, атом электр станциясының нақты құны әлі анықталған жоқ.