№12 «Тараз» колледжінде «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адам саудасының құрбаны болма!» тақырыбында кездесу өтті.
Шарада қыздарға қыздардың яғни жастардың ара қатынасы бойынша және заң алдындағы жауапкершілігі туралы «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры А.Есіркепов пен Тараз мемлекеттік педогогикалық институтының студеттік ректоры Д.Бәйдібек нақты мәліметтер көрсетті.
– Адам саудасы – адам құқығын ең қатал әрі арсыз жолдармен бұзатын құлдықтың қазіргі заманғы түрі. Сауданың жемтігі болған адамның үстінен еркінен тыс мәмілелер жасалып, ол жеке меншіктегі зат не тауарға айналады. Көп жағдайда азаматтар зорлықпен, әсіресе алдап-арбаумен мемлекеттік шекарадан тыс әкетіліп жатады, еңбекке мәжбүрдеп тартылады, тіпті қарыздар етіп қойып еркін қозғалу мүмкіндігінен айрылып жатады, ол аз десеңіз физикалық, психикалық, сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болып жатады. Көбінесе әйелдер мәжбүрлі түрде жезөкшелікпен айналысып, адам саудасының құрбандарына айналады, – деді Д.Бәйдібек.
Кездесу соңы дискуссия ұласып, сұрақтар қойылып сұрақтарына толықтай жауап алды. Жастар өз алғыстарын айттып және де осындай іс-шаралары жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.