Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
Биылғы жылдың 8 тамызында Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды.
Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
© 2016-2024. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.