Үкіметтің 9 шілдедегі ақпаратына сүйенсек, ол қаражат жолды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалды.
Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Сондықтан, бюджетке артық салмақ түсірмеу мақсатында ақылы жолдарды енгізу жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады.
«Реконструкциялаудан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау мақсатында биыл 2 мың шақырымнан астам 11 учаскеге кезең кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарлануда»,- делінген ақпартта.
Сонымен қатар, жолдардың тез бұзылуына салмағы ауыр жүк көліктері тікелей әсер ететіні анық. Елімізде 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелсе, оның 60 мыңы рұқсат етілген 25 тонна жүк тасу көлемін сақтамайды. Осыған байланысты салмақ параметрлерін сақтау бойынша жауапкершілікті күшейту, карьерлік самосвалдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына тыйым салуға тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді.
«Бұл ретте, келесі жылдың соңына дейін автокөліктің қозғалысы кезінде салмағын өлшейтін 220 станса орнату жұмыстары басталды. Өлшеу стансалары бұзушылықтарды онлайн тіркеп, айыппұлды «Сергек» бағдарламасы форматында рәсімдейтін болады»,-деді министрлік.
Бұған дейін Көлік министрлігінің басшысы биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтқан болатын.