Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 31 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 60%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 136, оны Түркістан облысының оқушысы жинады.
Тестке қатысушылардың 69,3%-ы қазақ тілінде, 30,6%-ы орыс тілінде, 27 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,2%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 13,5%-ы «Биология-Химия», 13,3% «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 55 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 101 талапкер қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрлігі