Ведомство басшысы өз сөзінде былтырғы жылы республикалық бюджетке жалпы 1 триллион теңге қаржы түскенін, осылайжа жоспар 111,5 пайызға орындалғанын айтты.
Республикалық бюджетке кірістер 521 млрд. теңге түсті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 191,3 %-ке орындалып, 526 миллиард теңгені құрады. Жоспар 251 миллиард теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтар бойынша – 223 миллиард теңгеге.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,9%-ке, республикалық бюджет шығыстары 97,8%-ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 94,5%-ке атқарылды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар айында 1,8 триллион теңге сомаға 75 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылғаны атап өтілді.
Аудитпен шамамен 408 миллиард теңге қамтылды, онда 4,8 миллиард теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 340 миллион теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Cөз соңында Мәди Такиев 2021 — 2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы айтты.
Айгүл Ержігіт