Бүгін Тараз қаласы №2 қалалық сотының судьясының Фариза Утешова Жаңатас қаласы тұрғынының “Қаңтар қасіретіне” полицей департаментіне қаруларды ұрлау фактісі бойынша сот үкімі шықты деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
“Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 291 бабының 1 бөлігі, 287 бабының 3 бөлігімен күдікті ретінде танылған “Ә” есімді азамат жасалған кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімі мен қылмыстық іс-құжаттарын жеке қарады. Күдікті анасына тиесіл көлік арқылы 6 қаңтар 02.30 шамасында полиция департаменті қоймасынан қару ұрланған болатын”.
Күдікті толық кінәсін мойындап, өзінің өкінетіндігін жеткізді.
Сот үкіміне сәйкес күдіктіге үш жыл алты ай шарты түрде бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 20 АЕК айыппұл тағайындалды.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.